БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН СУРЕТТІ КІТАПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD253298Кілт сөздер:
суретті кітаптар, интеллектуалды даму, сыни ойлау, шығармашылық ойлау, бейнелеу өнері, Панталеоның теориялық негіздері, Выготский теориясыАңдатпа
Бұл мақалада 4-сынып оқушыларына жасалынған зерттеу жұмысының нәтижесі берілді. Білім беру үрдісінде иллюстрацияланған кітаптарды қолдану оқушылардың интеллектуалды даму дағдыларын жақсартуға әсері зерттелінді. Сильвия Панталеоның теориялық негіздері мен Выготскийдің әлеуметтік-мәдени теориясына сүйене отырып, зерттеу жұмысы оқушылардың бейнелеу өнері мен дизайн элементтерін түсінуін дамытудағы бейнелеу өнерінің әлеуметтік өзара әрекеттесуі мен құрылымдық оқытуының рөлін көрсетеді. Жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сынып оқушыларымен Дэвид Визнердің иллюстрацияланған кітаптары төрт ай бойы оқылды. Оқушылармен бірге сыныпта иллюстрацияланған кітап мазмұнын талқылап, талдай отырып, оқушылар түс, сызық және пішін сияқты визуалды элементтерді қолдану жолдарын үйренді. Деректер жазбаша жауаптар мен сұхбаттар, мультимодальды мәтіндерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының визуалды мазмұнды сипаттау, бағалау және түсіндіру қабілетін айтарлықтай жақсартқанын көрсетті. Деректер эксперимент басында және соңында оқушылардан алынған сауалнама арқылы жиналды. Зерттеу жұмысы иллюстрацияланған кітаптар оқушылардың визуалды сауаттылығы мен бейнелі ойлауын дамытуда тиімді құрал екенін көрсетті. Бұл бастауыш білім беру үрдісіне мультимодальды сауаттылықты енгізудің маңыздылығын растайды. Алынған нәтижелер болашақ зерттеулерге жеке оқыту стратегияларын әзірлеу қажеттілігін және бейнелеу өнері мен визуалды сауаттылықты оқыту қажеттілігін көрсетті.