СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ КЕЗІНДЕГІ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫНЫҢ СИПАТЫ

жабайы жануарлар, браконьерлік, оқ жарақаты, жарақат алған жер, аңшылық жануарлар.

Авторлар

  • Тегза Александра Алексеевна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-1838-4212
  • Хасанова Мадина Асылхановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Яблочкова Гульмира Сабиржановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Дианова Ирина Александровна Қостанай облысы бойынша сот сараптамалары институты

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611043

Кілт сөздер:

жабайы жануарлар, браконьерлік, оқ жарақаты, жарақат алған жер, аңшылық жануарлар

Аңдатпа

Солтүстік Қазақстанда заңсыз аң аулау кезінде жабайы жануарлардың денесіндегі жарақаттардың сипаты мен орналасуын зерттеу нәтижесінде, ең жиі атылатын жануар – сібір елігі екені анықталды (48%).  Екінші орында сараптамалар саны бойынша сайғақ (12%) пен жабайы доңыз (11%) тұр. Ал түлкіге (6%) және қасқырға (5%) қатысты заңсыз ату фактілері зерттеудің алғашқы екі жылы ғана тіркелген.

Заңсыз аң аулау  бойынша бапқа сәйкес қылмыстық істердің ең көп саны 2021 жылы тіркелді. 2024 жылға қарай олардың саны 74,2%-ға азайды.

Орта есеппен алғанда, бір ауланған жануарға үш оқ жарақаты сәйкес келеді. Оқ жарақаттарының жалпы санының ішінде ең көп жарақат жабайы қабандарға (44,3%) және түлкілерге (30,4%) тиесілі. Бұл жағдай аталған жануарларды аулау кезінде бытыра мен картечь қолданылуымен түсіндіріледі, соның салдарынан көпсанды жарақаттар пайда болады.

Жарақаттардың орналасуы жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады. Жабайы қабандарда оқ жарақаттарының 46%-ы кеуде қуысы аймағында, ал 29%-ы жамбас аяқтарында шоғырланған. Түлкілерде жарақаттар негізінен жамбас (27%) және кеуде (37%) аяқтарында орналасқан. Қабандарда бұл жағдай өлтіретін нүктелердің маңыздылығымен түсіндірілсе, түлкілерде — терінің құндылығын сақтау мақсатымен байланысты. Зерттеу нәтижелерінің қолдану саласы — сот-биологиялық сараптама және экологиялық сала.

Автор өмірбаяндары

  • Тегза Александра Алексеевна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының докторы, ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры

  • Хасанова Мадина Асылхановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, ветеринариялық медицина кафедрасы қауымдастырылған профессоры

  • Яблочкова Гульмира Сабиржановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы

  • Дианова Ирина Александровна, Қостанай облысы бойынша сот сараптамалары институты

    жетекші сарапшы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамалары орталығы» РМҚҚ Фалиалы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар