ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2532116Кілт сөздер:
дарынды оқушылар, шығармашылық белсенділік, проблемалық есептер, математика, жобалау әдісіАңдатпа
Бұл мақалада дарынды оқушылардың шығармашылық белсенділігін проблемалық есептерді шешу арқылы дамыту жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында оқушылармен бірлесе орындалатын проблемалық есептерге негізделген жобалық жұмыстардың шығармашылық белсенділікке тигізетін әсері талданады. Осыған байланысты бірқатар зерттеу міндеттері шешілген: зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жүргізіліп, проблемалық есептердің мазмұны мен маңыздылығы ашылып көрсетілді. Проблемалық есептерді жобалау әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету және олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеу барысында әдеби шолу, салыстырмалы талдау, жалпылау, модельдеу, жобалау, бақылау, сауалнама және педагогикалықэксперимент әдістері қолданылды. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін бағалау үшін қолданылған критерийлер мен деңгейлік көрсеткіштер жүйеленіп берілген. Эксперимент нәтижелері негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділігінің даму деңгейіне талдау жүргізілген. Сонымен қатар, дарынды оқушылардың әлеуетін ашуда ата-аналар мен пән мұғалімдерінің қолдауын күшейтудің, сондай-ақ оқушылар жетістіктерін мадақтаудың маңыздылығы атап өтіледі. Ұсынылып отырған әдістемелік тәсілдер дарынды оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, білімге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал ететіндігі нақты практикалық мысалдар арқылы негізделеді. Дарынды оқушылар мектептерінде проблемалық есептер банкін құру, пән мұғалімдері үшін арнайы тренингтер ұйымдастыру сияқты ұсыныстар берілген.

