CLIL НЕГІЗІНДЕ ХИМИЯ МАМАНДЫҒЫ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ШЕТ ТІЛДІК КӘСІБИ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD253277Кілт сөздер:
құзыреттілік, кіріктірілген оқыту, кәсіби коммуникативтік құзыреттілік, CLIL технологиясы, шет тілі құзыреттілігі, тілдік емес мамандықтарАңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты – кәсіби-коммуникативті тілдік бағытты ұстанатын, өзіндік сыни ойлау дағдысы қалыптасқан және шығармашылық потенциалы бар мамандарды даярлауда кіріктірілген оқыту тәсілінің тиімділігін зерттеу болып табылады. Ғылыми мақалада, қазіргі заманғы маманның кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі шет тілі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы, тілдік емес жоғарғы оқу орындарындағы білім алушылардың шет тілі кәсіби коммуникативті құзыреттілікті (ШТККҚ) қалыптастыру мәселелері қарастырылған. «Коммуникативті құзыреттілік» ұғымының анықтамалары және ШТККҚ дамытуда кіріктірілген оқытудың тиімділігі сипатталған. Кіріктірілген оқытуда CLIL (Content and Language Integrated Learning) тәсілі таңдалынып, теориялық алғышарттары сипатталған. CLIL–ШТККҚ қалыптастырудың тиімді әдісі, өйткені CLIL шеңберіндегі шет тілі функцияларының бірі – нақты қарым-қатынас мәселелерін шешу болып табылады. Сондай-ақ, мақалада ШТККҚ негізгі компоненттері анықталып, кәсіби салада шет тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағыттала отырып даярланған жаттығулар жинағының құрылымы сипатталып, үлгісі ұсынылған. Зерттеу жұмысында экспериментік жұмыстың нәтижелері көрсетіліп, аналитикалық талдау жасалынған. Кіріктірілген оқыту технологиясы арқылы пәнді ағылшын тілінде оқыта отырып, кәсіби коммуникативті дағдылары мен біліктіліктерін арттыру мақсатында даярланған жаттығулар жинағын қолданудың студенттер үшін қажеттілігі және маңызды екендігін анықтауға және кәсіби құзыреттілікті ғана қалыптастырып қоймай, пәндік-лингвистикалық білім деңгейін жетілдіруге көмектесті. Ғылыми зерттеу жұмысының мәліметтері химияны ағылшын тілінде кіріктіре оқытатын оқытушыларға практикалық сабақтарда СLIL-ді тиімді пайдалануға және CLIL шеңберіндегі мәселелерді зерттеушілерге пайдасы тиюі мүмкін.