ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА ИТТЕРМЕН МЫСЫҚТАРДА АҚЖ-НЫҢ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРҒА ЭНТЕРОБАКТЕРИЯЛАРДЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫМЕН РЕЗИСТЕНТТІЛІГІН АНЫҚТАУ
Кілт сөздер:
энтеробактериялар, мысықтар, иттер, антибиотиктерге төзімділікАңдатпа
Біздің мақалада ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
Ғылыми комитетінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруының "Бактерияға
қарсы препараттарға төзімділік детерминанттарының таралуы" жобасы шеңберінде жүргізілді.
Мысықтар мен иттердің асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде бөлінетін энетробак-
терияларды анықтау жəне микробтарға қарсы препараттарға төзімділік деңгейін білу, бұл тера-
пияны сəтті жүргізудің маңызды факторы болып табылады. Ветеринарлық емханасына асқазан
мен ішектің қабыну аурулары бар барлық жануарларға, емдік көмек көрсету үшін жəне емдеудің
тиімділігін бағалау үшін микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығына арналған дақылдар
жүргізілді. Зерттелетін жануарларда (n - 52) энтеробактериялар анықталды. Жануарлардың екі
түрінің де жұтқыншақ пен анустан алынған клиникалық үлгілерде негізгі бөлінетін бактерия E. coli
болып анықталды.
Протеус жəне Клебсиелла бактериялары сирек кездесті, бірақ олар көптеген микробқа қар-
сы препараттарға жоғары төзімділігін көрсетті.
Біздің зерттеуіміз клиникалық тəжірибе дəрігерлеріне микробқа қарсы терапия кезінде
ұтымды шешім қабылдауға көмектесе алады.