MAGIC SCHOOL. AI ПЛАТФОРМАСЫН ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2532245

Кілт сөздер:

Magic School.AI, жасанды интеллект, географияны оқыту үдерісі, интерактивті оқыту, жұмыс парағының генераторы

Аңдатпа

Қазіргі таңда жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде пайдалану, жеке тұлғаға бағытталған оқыту тәсілдерін дамытып, білім сапасын арттыруға және білім алушылардың қажеттілігін ескеруге ықпал етеді. Мақалада жасанды интеллект негізіндегі білім беру платформасы Megic School  AI-ды, географияны оқыту үдерісінде қолдану жолдары жан-жақты қарастырылып, бұл платформаның оқу стратегияларын жетілдіру бағытындағы ауқымды мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеу барысында Megic School.AI-дың құралдарын және оны географияны оқыту үдерісінде қолданудың әдістемелік тәсілдері, шетелдік және отандық ғалым-педагогтардың басылым қорларындағы ғылыми мақалаларды талдау негізінде қарастырылды. Зерттеу жұмысында аталған платформаға негізделген 60-тан аса құралдарының ішінен білім алушылардың қызығушылығын арттыра алатын бірнешеуіне жеке тоқталып, географияны оқыту үдерісінде қолдануда олардың мүмкіндіктерін айқындап, нақты мысалдар қарастырылды. Нәтижесінде, бұл платформаны оқыту үдерісінде қолдану, білім беру сапасын арттыратындығы дәлелденді. Сондай-ақ, аталған платформа алынған деректерді талдап, оқыту материалдарын автоматты түрде құрып, оқу стратегиясын жетілдіре алады. Атап айтсақ, оқу мазмұнын білім алушылардың қажеттеліктеріне сәйкес бейімдеу, оқу нәтежиелерін талдау және педагогикалық үдерістерді тиімді ұйымдастыру. Сонымен қатар, платформаның білім беру сапасын арттыруға қосатын үлесі мен оны география сабағында қолданудың тиімділігі мен мүмкіншіліктері жан-жақты талданды. Қорыта келе, қазіргі білім беру жүйесінің сапасын арттыруға ықпал ететін негізгі фактор- білім алушылардың орындаған жеке өзіндік жұмыстарының мазмұны мен маңыздылығында екендігі айқындалды.

Автор өмірбаяндары

  • Нургазина Айжаркын Султанбековна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    докторант

  • Баймырзаев Қуат Маратұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    география ғылымдарының докторы, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар