АРПАНЫҢ (HORDEUM VULGARE L.) ПЕРСПЕКТИВАЛЫ СЛЕКЦИЯЛЫҚ ПИТОМНИГІНДЕ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТА ӨСІРУ

Авторлар

  • Тохетова Лаура Ануаровна «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ
  • Байжанова Бибигуль Куанышбековна «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-1675-0602
  • Бимагамбетова Гульнар Адилгиреевна Қазақ-Орыс Халықаралық университеті https://orcid.org/0000-0002-1370-9014
  • Нурымова Раушан Дуйсеновна «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2521179

Кілт сөздер:

селекция, питомниг, биологиялық белгілер, сорттар, тұзды топырақ

Аңдатпа

Қазақстандағы шөлейттену процесiнiң дамуына ықпал ететiн негізгi табиғи фактор құмдардың (30 млн.га-ға дейiн) және сортаңданған жерлердiң (127 млн. га) кең таралуына алып келетiн климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң бiркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық жағдайы болып табылады.Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің көлемі 222,6 млн.га, оның ішіндегі суармалы жерлер – 2,3 млн.га. Тұзданған топырақтың үлесі барлық суармалы егістік жерлер көлемінің шамамен 20 % құрайды.Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша тұзданған және сортаңданған жерлердің көлемі 94,9 млн. га - 42,1 % құрайды [1, 9 б., 2, 13, б.,   3, 129 б.].

Қызылорда облысындағы суармалы 214977 га жер көлемінің 62343 га – пайдаланылмай отырған жерлер, оның ішіндегі 729 га жер тұздау салдарынан жарамсыз болып отыр. Арал өңірі жағдайында күрішті ұзақ жылдар бойына өсіру егістіктегі жер асты су деңгейінің көтерілуіне әсер етіп,ыстық және құрғақ климаттық жағдайлар топырақ қабатындағыылғалдыңтезбулануына себепкер болып,тұздану процестерін күшейтеді, әсіресе тұзды минералды жер асты сулары таяз орналасқан жерлердің. Жалпы алғанда, Қызылорда облысындағы суармалы жерлердің агроэкологиялық жағдайы коллекторлы-дренажды су ағынының минералдануымен байланысты, ол 2 - 5 г/л дейін өзгерді және бұл үрдіс соңғы он жылда ұлғайып, ол 60 %-ға өсті [4, 26 б., 5, 8 б.].Қазақстандық Арал өңірінің топырағындағы гумустың мөлшері соңғы 30 жылда 30-40% -ға төмендеген және ол 1%-дан аспайды.Қазақстандық Арал өңіріндегі суармалы егіншілікте қалыптасқан мұндай дағдарыстық жағдайлар өсімдік шаруашылығының жалпы түсімін 1,6-1,8 есеге төмендетті [6, 15 б.].

Автор өмірбаяндары

  • Тохетова Лаура Ануаровна , «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

    ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

  • Байжанова Бибигуль Куанышбековна, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

    ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Аграрлық технологиялар БББ-ның аға оқытушысы

  • Бимагамбетова Гульнар Адилгиреевна , Қазақ-Орыс Халықаралық университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, профессор

  • Нурымова Раушан Дуйсеновна , «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

    ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Аграрлық технологиялар БББ-ның аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары