БҰРЫНҒЫ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕШКІ ЕТІНІҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP252152

Кілт сөздер:

азық-түлік қауіпсіздігі, ешкі еті, органолептикалық қасиеттер, радиациялық қауіп, физика-химиялық көрсеткіштер

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі әртүрлі радиациялық қауіп деңгейі бар аймақтарда өсірілген ешкі етінің сапасын бағалаудың қажеттілігімен байланысты. Бұл аймақтар бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес орналасқан. Радиацияның мал шаруашылығы өнімдеріне әсері азық-түлік қауіпсіздігі мен халық денсаулығы үшін маңызды мәселе болып қалып отыр. Зерттеудің мақсаты – радиациялық ластану деңгейі әртүрлі өңірлерден алынған ешкі етінің физикалық, химиялық және органолептикалық қасиеттерін зерттеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу. Осы мақсатқа жету үшін бақылау пункттерінде алынған ет сынамаларына органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізілді. Еттің pH деңгейі, пероксидаза реакциясы, аммиак, формальдегид мөлшері, бактериоскопия әдістері қолданылды, сондай-ақ химиялық құрамы (ақуыз, май, ылғал, күл) анықталды. Зерттеу нәтижелері жоғары радиациялық қауіп аймақтарында ет сапасының нашарлағанын көрсетті: pH деңгейінің жоғарылауы, ақуыз мөлшерінің төмендеуі, ылғал мен майдың артуы, органолептикалық қасиеттерінің нашарлауы анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – радиациялық әсердің ешкі етіне кешенді талдау жүргізуінде. Практикалық маңыздылығы – мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау бойынша ұсыныстар әзірлеу және тамақ өнеркәсібі мен ветеринариядағы радиациялық қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру.

Автор өмірбаяндары

  • Серикова Айнур Темешовна, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Ветеринария» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Дюсембаев Сергазы Турлыбекович, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

    ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

  • Сулейменов Шынгыс Кайратович, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

    PhD, «Агротехнопарк» жетекшісі

  • Нуржуманова Жанат Мекешовна, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар