Бұл 2022-03-28 жариялаған ескірген нұсқа. соңғы нұсқасын оқыңыз.

ТОБЫЛ ӨЗЕНІНІҢ ЖЫРТҚЫШ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Жұмағазы Кұржықаев «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС
  • Гулназ Баринова КЕАҚ С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

биологиялық көрсеткіш, Тобыл өзені, популяция, жыртқыш, шортан, кəдімгі алабұға.

Аңдатпа

Мақалада Тобыл өзенінде тіршілік ететін жыртқыш балықтардың түрлік құрамы, негізгі биологиялық көрсеткіштері, қазіргі жағдайы келтірілген. Материал 2016-2020 жылдары далалық зерттеу нəтижесінде жиналды. Тобыл өзеніндегі 6 станция тексерілді. Зерттеу нəтижелері
бойынша Тобыл өзеніндегі балық түрлерінің жалпы саны 13 түрді құрады, олардың 4 түрі - шортан (Esox lucius L.), кəдімгі алабұға (Perca fluviatilis L.), көксерке (Sander lucioperca L.), нəлім (Lota lota L.) -жыртқыш. Жыртқыш балықтардың барлық 4 түрі кəсіптік, бірқ тек 2 түрінің саны жоғары жəне
кең таралған: кəдімгі алабұға мен шортан. Біздің зерттеуіміздің нəтижесі бойынша шортанның орташа ұзындығы 37,81 см, орташа салмағы 666,32 г, Фультон бойынша қоңдылығы 1,27, кəдімгі алабұғаның орташа ұзындығы 15,3 см, орташа салмағы 79,96 г, Фультон бойынша қоңдылығы 2,17
құрады. Шортан мен кəдімгі алабұғаның өмір сүру ұзақтығы 5+ жыл болды. Тобыл өзенінде осы түрлердің популяциясының қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Шортан мен кəдімгі алабұғаны Тобыл өзені мен оның жайылма су айдындарында спорттық-əуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Жұмағазы Кұржықаев, «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС

    «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС, Солтүстік филиалының жетекші ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұр-Сұлтан қ., Кенесары 43

  • Гулназ Баринова, КЕАҚ С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

    КЕАҚ С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, аңшылықтану жəне балық шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., биология ғылымдарының кандидаты, Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 62

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-03-28

Нұсқалар

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары