ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ЭНТЕРОПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕРМЕН ЛАСТАНУ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Габитова Альбина Ринатовна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Досова Алма Даулетжановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Чужебаева Гульжаган Джамбуловна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Рыщанова Раушан Миранбаевна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP252112

Кілт сөздер:

азық-түлік токсикоинфекциясы, энтеропатогенді микроорганизмдер, жануарлардан алынатын өнімдер, тамақ қауіпсіздігі, S. enterica, S. aureus, E. coli

Аңдатпа

Жануарлардан алынатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу Қостанай облысында белсенді дамып келе жатқан тамақ өнеркәсібі мен денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Ет және сүт өнімдерінің Salmonella enterica, Staphylococcus aureus және Escherichia coli сияқты энтеропатогендік микроорганизмдермен ластануы халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Зерттеудің мақсаты ет және сүт өнімдерінің энтеропатогенді бактериялармен ластану дәрежесін анықтау және олардың таралуына ықпал ететін факторларды талдау.

Зерттеу барысында бактериологиялық және биохимиялық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалы бөлшек сауда орындарында таңдалған 413 үлгі жануарлардан алынатын өнімдер болды.

Зерттеулердің негізгі нәтижелері мал шаруашылығы өнімдерінің 413 сынамасында 108 (26%) бактериялық изоляттар анықталғанын көрсетті: E. coli – 69 (63,8%), S. aureus – 36 (33,3%), S. enterica – 3 (2,77%). Ең көп ластану құс етінде (27%), шикі сүтте (21,2%), жартылай фабрикаттарда (19,4%) және сүт өнімдерінде (14,8%) анықталды.

Зерттеулердің нәтижелері санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, өнімді сақтау және қайта өңдеу жағдайларын жақсарту, тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде қосымша бақылау шараларын енгізу қажеттілігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Габитова Альбина Ринатовна , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, ҚБ ҒЗИ ғылыми қызметкері

  • Досова Алма Даулетжановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    техника және технологиялар магистрі, ҚБ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері

  • Чужебаева Гульжаган Джамбуловна , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, асс.профессор, ҚБ  ҒЗИ ғылыми қызметкері

  • Рыщанова Раушан Миранбаевна , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD, профессор, ҚБ ҒЗИ ғылыми қызметкері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар