ЖАЗДЫҚ АРПАНЫҢ БАСТАПҚЫ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • Тохетова Лаура Ануаровна «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0003-2053-6956
  • Нұрғалиев Нурали Шакисултанұлы «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0001-6132-1818
  • Нұржан Данабек Жағыпарұлы НАО «Кызылординский университет имени Коркыт Ата»
  • Сардарбекова Акбота Қалтайқызы «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0007-9599-0658

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2521189

Кілт сөздер:

вегетация, сорт, масақ, мөлшер, пішін

Аңдатпа

Селекциялық жұмыстарда әртүрлі бастапқы материалдан тек бағалы белгілер жиынтығын ғана емес, сонымен қатар оның ұрпақтарына қасиеттерін беруге қабілетті, қандай будандастыру тәсілінде болмасын тиімді транссгрессия құра алатын пішіндерді бөліп алу өте маңызды. Топкросты талдаудың осындай әдісінің бірі, сорттың генетикалық қасиеттерін бағалауға мүмкіндік беретін комбинациялық қабілеттілігін анықтау болып табылады. Жалпы және арнайы комбинациялық қабілеттілік ұғымы жүгерінің гибридтерін өсіруде тұжырымдалған болатын. Жалпы комбинациялық қабілеттілік гибридті комбинациялық тізбегінің орташа құндылығын көрсетеді және зерттеудегі осы барлық гибридтің ата-аналық пішіндері белгілерінің ауытқуының орташа шамасымен өлшенеді (барлық гибридтер жиынтығымен). Арнайы комбинациялық қабілеттілік ұғымы негізінде зерттеудегі ата-аналық пішінін орташа жеке комбинациясын сипаттау үшін, яғни олардың нашар немесе жақсы болып шығуын шамалауда пайдаланылады. Ата-аналық пішіндердің комбинациялық қабілеттілігін бағалау болашақта будандастыру нәтижелерін болжау мен болашағы зор материалдарды топтастыруға назар аударуға, бұған қоса практикалық бағасы жоқ ата-аналық пішіндердің гибридтерін зерттеумен уақытты босқа жоғалтудан және әдісті қайталаудан аулақ болуға мүмкіндік жасайды.

Н.А.Дуктова [1, 21-25 б.] жоғары өнімді сорттарда ең өнімді сорттарды будандастыру нәтижесінде селекциялық белгілері (өнім құрылымы, вегетациялық кезеңі) мен түрлі эко-гегорафиялық топтарға қатысты араларында қатты айырмашылық болады деп есептейді. Алайда, барлық сорт үлгілерде емес, көрсетілген және шаруашылық-бағалы белгілері бойынша тұрақты және олардың тұқым қуалай алу қасиеттеріне қатысты. Сондықтан генотиптерден қалаған ұрпақты алуда жоғарыда атап өткен параметрлер жеткіліксіз, осыған байланысты, ата-аналық пішіндерінің шаруашылық-бағалы белгілерінің гибридтерге қалай берілетінін және комбинациялық бағасын зерттеу өте маңызды.

Автор өмірбаяндары

  • Тохетова Лаура Ануаровна, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

  • Нұрғалиев Нурали Шакисултанұлы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

    философия докторы (PhD), аға оқытушысы

  • Нұржан Данабек Жағыпарұлы , НАО «Кызылординский университет имени Коркыт Ата»

    философия докторы (PhD), аға оқытушысы

  • Сардарбекова Акбота Қалтайқызы , «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ

    оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары