АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛА ЖАҒДАЙЫНДА БАЛДЫ ӨСІМДІКТЕР КОНВЕЙЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН КӨПЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАС ДАҚЫЛДАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2521143Кілт сөздер:
көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдар, балды өсімдіктер конвейері, дала аймағы, өнімділік, нектар өнімділігіАңдатпа
Осы жұмыста Қазақстан Республикасы Ақмола облысының құрғақ дала жағдайында өсірілетін көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің (Medicago × varia, Onobrychis arenaria, Melilotus officinalis) өнімдік әлеуетіне баға берілді. Зерттеу мақсаты – өңірде бал өндіруді оңтайландыру үшін аталған өсімдіктер түрлерінің нектар өнімділігі мен бал өнімділігі көрсеткіштерін анықтау. Тәжірибелік зерттеулер “А.И.Бараев атындағы АШҒӨО” ЖШС-де қара -қоңыр топырағында жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде көпжылдық жоңышқа (Medicago × varia, «Лазурная» сорты), құмды эспарцет (Onobrychis arenaria, «Шортандинский рубин» сорты), сары донник (Melilotus officinalis, «Сарбас» сорты), сондай-ақ карпат арасы тұқымы (Apis mellifera carpatica) алынды. Тозаңдану қарқындылығы (аралар саны бойынша бағаланды) 11:00-ден 15:00-ге дейін ең жоғары деңгейге жеткені анықталды. Нектар өнімділігін талдау барысында зерттелген дақылдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Сары донник пен құмды эспарцет көпжылдық жоңышқаға қарағанда едәуір жоғары көрсеткіштерге ие болды.
Зерттеу кезеңінде (2022-2024 жж.) гидротермиялық коэффициенттің (ГТК) және биоклиматтық әлеуеттің (БКӘ) едәуір ауытқулары байқалды. 2022 және 2023 жылдар тиісінше құрғақ және өте құрғақ жағдайлармен сипатталса, 2024 жыл ылғалдылық тұрғысынан орташа болды. Алынған нәтижелер жергілікті жағдайларға бейімделген бал өндіретін дақылдарды (мысалы, сары донник пен құмды эспарцет) сұрыптап, енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Бұл өзгеріп жатқан климат жағдайында тұрақты бал өнімін қамтамасыз етіп, Ақмола облысының дала аймағында үздіксіз бал өнімділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.