«ЕСІЛ-АГРО» ЖШС АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРЫНДА ТАНАП ҚОРҒАНЫШ ОРМАН ЖОЛАҚТАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ЕРІГЕН ДРЕНАЖДЫ СУЛАР ЖИНАЛАТЫН ОРЫНДАРДЫ АНЫҚТАУ

Авторлар

  • Сарсекова Дани Нұрғисақызы Казақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Перзадаева Ақмарал Әбуқызы «С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Токтасынова Фаруза Әбетқызы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Сатыбалдиева Гульшат Тұрсынәліқызы «Казақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2521154

Кілт сөздер:

барлау зерттеулері, табиғи сулардың сапасы, танап қорғаныш орман жолақтары, топырақ арохимиясы

Аңдатпа

Бұл мақалада Ақмола облысы Бурабай ауданында орналасқан «Есіл-Агро» ЖШС ауыл шаруашылығы алқаптарында танап қорғаныш орман жолақтарының таксациялық бағалауы жүргізілді. Танап қорғаныш орман жолақтары 3, 4 және 6 қатарлы ұзын жолақтар түрінде жобаланған. Жалпы ауданы 792,8 га құрайды. Ағаш-бұта өсімдіктердің түрлік құрамы 12 тұқымнан тұрады. Танап қорғаныш орман жолақтарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Дренаждық еріген сулардың оңтайлы жиналу орындарын анықтау мақсатында жер бедерінің ең төмен деңгейін анықтау үшін геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Дренаждық еріген суды жинауға арналған әлеуетті тоғанның цифрлық моделі жасалды. Тоғанда жиналған суды егістіктерді суару үшін пайдалануға болады. Полигонның еңісі 3778 м, ауданы 1,5-2,0 га құрады. Топырақ құрамында нитратты азотты, жылжымалы фосфорды, алмаспалы калийді, гумусты, топырақтың рН ортасын, тұздылығын анықтау мақсатында агрохимиялық зерттеулер жүргізілді. Топырақты зерттеу нәтижелері бойынша қарашірік мөлшері өте төмен (<2%) және төмен (<4%) екені анықталды. Топырақтың рН ортасы әлсіз сілтіліден (рН 8,9) орташа сілтіліге дейін (рН 9,4) ауытқиды. Топырақтар сортаң емес. Дренаждық еріген сулардың оттек режимін, органолептикалық көрсеткіштерін, минералдануын, биогенді заттардың, ауыр металдардың және мышьяктын мөлшерін анықтау мақсатында химиялық талдаулар жүргізілді. Дренаждық еріген сулардың Pжалпы, Са2+, Al3+, Zn2+, ∑Fe2+, Fe3+ иондарымен ластанғаны анықталды. ОХЖбихр,ОБЖ5 мәндері тоғанның органикалық заттармен қатты ластанғанын көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • Сарсекова Дани Нұрғисақызы , Казақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы

  • Перзадаева Ақмарал Әбуқызы, «С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    техника ғылымдарының кандидаты, «Экология» кафедрасының доценті

  • Токтасынова Фаруза Әбетқызы , «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, PhD., «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы

  • Сатыбалдиева Гульшат Тұрсынәліқызы, «Казақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, докторант

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары