"Көкшетау" МҰТП су айдындарының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі
Кілт сөздер:
гидрологиялық режим, гидрохимиялық көрсеткіштер, , минералдану, көлдерАңдатпа
Бұл мақалада 2017-2020 жылдары "Көкшетау" МҰТП су айдындарының гидрологиялық жəне гидрохимиялық режимі бойынша зерттелген нəтижелері келтірілген. Зерттелген көлдердің ішінде ауданы бойынша ең ірісі Имантау көлі – 5370 га, ал максималды тереңдігі бойынша Шалқар көлі -11,6м болып анықталды. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында зерттелген су айдындарының гидрологиялық режимі соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырамағаны анықталды. Су айдындарының ауданы 2019 жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ. Гидрохимиялық режимді зерделеу кезінде минералдану дəрежесі бойынша Шалқар жəне Зеренді көлдері минералдануы 1 г/дм3 асатын тұздылау болып табылатыны, ал Лобаново жəне Имантау көлдері минералдануы 1г/дм3 дейінгі тұщы болып табылатыны анықталды. Соңғы жылдары судың иондық құрамы, негізінен гидрологиялық режимнің өзгеруіне байланысты, тек аз ғана өзгерістерге ұшырады, Суда еріген оттегінің мөлшері жеткілікті болды жəне осы суда тіршілік ететін балық түрлеріне қолайлы болды. Шалқар жəне Ақкөл көлдеріндегі жоғары минералдану жекелеген балық түрлерінің (тұқы мен алабұға) табиғи көбеюіне кедергі келтіретінін атап өткен жөн. Жалпы "Көкшетау" МҰТП су айдындарының гидрологиялық жəне гидрохимиялық режимі гидробионттардың тіршілік əрекеті үшін қолайлы ретінде сипатталады.