АҚПАРАТТЫҚ ОРТАДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Абильдина Асия Бахытовна Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Рахимғалиева Пакизат Сарманқызы Семей медицина университеті
  • Ермекова Молдир Алтынбеккызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG25425

Кілт сөздер:

цифрлық құзыреттілік, сыни ойлау, педагог-психолог, психологиялық қауіпсіздік, ақпараттық орта, жасөспірімдер

Аңдатпа

Қазіргі цифрлық кеңістікте жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында цифрлық сауаттылықты болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлаудың негізгі элементі ретінде қалыптастырудың маңызы артып келеді. Бұл зерттеудің мақсаты – цифрлық ортада жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында болашақ педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігі мен сыни ойлау дағдыларының рөлін талдау. Зерттеу аясында студенттердің цифрлық құзыреттілігі мен сыни ойлауын дамытуға бағытталған арнайы әзірленген білім беру бағдарламасының тиімділігін бағалауға арналған педагогикалық эксперимент жүргізілді. Эксперимент барысында болашақ мамандардың жасөспірімдерді киберқауіпсіздік негіздеріне оқыту, интернет-қатерлердің алдын алу және ақпаратты сыни тұрғыдан талдау қабілеттері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттердің цифрлық сауаттылық деңгейі айтарлықтай артқанын және олардың жасөспірімдерге білім беру дайындығының жоғарылағанын көрсетті. Болашақ педагог-психологтарды даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды: медиасауаттылықты дамыту, тиімді коммуникация орнату және цифрлық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Алынған нәтижелер негізінде болашақ мамандардың кәсіби даярлау бағдарламаларын жаңарту жөнінде ұсыныстар берілді. Қорытындысында педагогикалық білім беру жүйесіне цифрлық құзыреттерді кіріктіру жасөспірімдер үшін қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастырудың маңызды шарты екені атап өтіледі.

Автор өмірбаяндары

  • Абильдина Асия Бахытовна, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    8D01103 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс докторанты

  • Рахимғалиева Пакизат Сарманқызы, Семей медицина университеті

    PhD, Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

  • Ермекова Молдир Алтынбеккызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    8D01103 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс докторанты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар