ЖОО-ДАҒЫ ТƏРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ТƏРБИЕЛЕУ
Кілт сөздер:
əлеуметтік белсенділік, тəрбие жүйесі, тəрбие ортасы, тəрбие жүйесінің компоненттері, тəрбие жұмысының моделіАңдатпа
Пандемия, мəжбүрлі оқшаулау жағдайында əлеуметтік белсенділік проблемасы өзінің спецификасы мен ерекше өзектілігін алады. Түлектердің əлеуметтік белсенділігін тəрбиелеу университеттің білім беру бағдарламаларының міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мақалада студенттердің əлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың негізгі факторларына талдау жасалады, сонымен қатар əлеуметтік белсенділікті қалыптастыру үшін университеттегі оқу-тəрбие процесінің мүмкіндіктері ашылады. Тақырып бойынша дереккөздерді талдау негізінде əлеуметтік белсенділік бүгінгі таңда жеке тұлғаның сана-сезімін қалыптастыру деңгейін білудің негізгі өлшемі болып табылады жəне оның жас ұрпақтағы көрінісінің маңызды формаларының бірі олардың қоғам игілігі үшін қызметке тікелей қатысуы болып саналады. Сондай-ақ, университеттің тəрбие жүйесін ұйымдастырудың негізгі принциптері, функциялары атап өтілді, тəрбие жүйесінің негізгі компоненттеріне толық сипаттама берілді. Педагогикалық білім беру ортасын ұйымдастыруға негізделген университеттегі тəрбие жұмысының моделі сипатталған, осы модельдің өзара байланысты компоненттері жазылған.