ТҮРКІ ӘЛЕМІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Авторлар

  • Мұратқызы Мира Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0003-4210-4716
  • Журсиналина Гүлжанат Құрмашевна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0009-0008-2643-0830
  • Алтыбаева Акжан Бахитжановна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0009-0008-2460-5801
  • Акдаулетова Жанар Ашимовна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0009-0006-0578-2285

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2521237

Кілт сөздер:

фольклор, тарихи фактілер мен фольклор, салыстырмалы талдау, аңыз, фольклор жанры, жетімдік мотиві, ортақ сюжет

Аңдатпа

Бұл мақалада түркі халықтарының фольклорындағы жетімдік мотивінің көрінісі қарастырылады. Жетімдік образы – халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін, терең мазмұнға ие әрі символдық мәні зор тақырыптардың бірі. Алайда бұл тақырып ғылыми тұрғыдан аз зерттелген. Түркі халықтарының мифтері, аңыздары, эпостары мен тарихи жырларында жетім қалған батырлар мен билеушілердің бейнесі ерекше орын алады. Мақалада осы фольклорлық кейіпкерлердің қалыптасу ерекшеліктері мен олардың тарихи тұлғалармен байланысы жан-жақты талданады. Мақалада жетімдік мотивінің түркі халықтарының дүниетанымы мен әлеуметтік құрылымындағы рөлі анықталады. Халық шығармаларында жетім бала көбінесе қиындық көріп, қорлыққа ұшыраса да, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, хан, батыр немесе би атанатыны айтылады. Бұл мотив халықтың басшыға қоятын негізгі талаптары мен арман-тілектерін көрсетеді. Мақалада Абылай хан, Ораз-Мұхаммед, Әбілхайыр хан және басқа да тарихи тұлғалардың өмір жолы мен олардың фольклордағы бейнесі салыстырмалы түрде қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада жетімдікке деген халықтың көзқарасы, оның мәдени және әлеуметтік мәні кеңінен ашылады. Бір жағынан, жетімдерге деген аяушылық сезімі, оларды қолдау мен қорғау дәстүрі қарастырылса, екінші жағынан, кейбір аңыздар мен наным-сенімдерде жетімдікпен байланысты теріс көзқарастар да кездесетіні айтылады. Мақалада жетімдік мотивін талдауда салыстырмалы-тарихи және сипаттамалық әдістер қолданылған. Бұл түркі халықтарының фольклорындағы ортақ сюжеттерді анықтауға, олардың тарихи негіздерін ашуға және халықтың рухани мұрасындағы жетімдік феноменін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Мұратқызы Мира, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    филология магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы

  • Журсиналина Гүлжанат Құрмашевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, филология және практикалық лингвистика кафедрасының қауымдастырылған профессордың м.а.

  • Алтыбаева Акжан Бахитжановна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    гуманитарлық ғылымдарының магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы

  • Акдаулетова Жанар Ашимовна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    филология магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Филологиялық ғылымдар