БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТТІ АЙНАЛМАЛЫ ЖҰМЫС ОРГАНЫНЫҢ ЭЛЛИПТИКАЛЫҚ ПЫШАҚПЕН ҚАРЫҚША ТҮЗІЛУІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2531159Кілт сөздер:
айналмалы жұмыс органы, қарықшаның математикалық моделі, эллиптикалық пышақ, өңдеу бұрышы, кинематикалық параметрАңдатпа
Айналмалы белсенді жұмыс органдары бар машиналар мен құралдар топырақ бетін өңдеу операцияларында кеңінен қолданылады. Алайда, аталған жұмыс органдарымен қарықша түзілуінің процесі жеткілікті зерттелмеген күйінде қалып отыр. Белсенді әрекетті айналмалы жұмыс органының эллиптикалық пышағымен қарықша түзілуінің математикалық моделін жасау және қарықша түзілудің технологиялық процесін зерттеу келесі параметрлерде жүзеге асырылды: өңдеу бұрышы 40º, кинематикалық параметр 0,8-ден 2,2-ге дейін өзгерді. Жұмыс органының пышағы айналу осінен ауытқу бұрышына ие және эллипстің үлкен жартылай осі бойымен эллиптикалық пышақ түрінде жасалған. Пышақтың эллиптикалық сызығы бойымен жасалған жұмыс органының атқарушы элементі (эллиптикалық пышақ) жоғарыдан және көлденең қимада эллипс бөлігінің пішінін көргенде параллелограмм тәрізді қарықша құрайды. Өткір өңдеу бұрышында (20-40) бұл эллиптикалық пышақ айналмалы жұмыс органының енінің шекарасында агрегаттың қозғалыс бағытынан қысқа, тар және ауытқыған қарықша құрайды. Екі формадағы атқарушы элементтердің жүздерінің нүктелері топырақта бірдей траектория бойынша қозғалады. Алынған мәліметтер оңтайлы қарықшалардың пайда болуын қамтамасыз ететін зерттелетін айналмалы жұмыс органдарының параметрлерін таңдауға мүмкіндік береді. Осының арқасында талап етілетін агротехникалық көрсеткіштер кезінде қарықша түбінің теңестірілуі артады.