БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2542253Кілт сөздер:
гендер, гендерлік құзыреттілік, болашақ дене шынықтыру мұғалімдері, психологиялық-педагогикалық шарттар, модельАңдатпа
Бұл мақалада болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің гендерлік құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттарының мәселелері мен перспективалары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша білім алатын студенттердің гендерлік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық шарттарды негіздеу. Бұл мақсатқа қол жеткізу теориялық талдау, дене тәрбиесі және спорт саласындағы студенттер мен оқытушылардың гендерлік мәселелерді қабылдау ерекшеліктерін қарастыру, гендерлік құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтайтын психологиялық-педагогикалық шарттарды зерттеу, олардың қалыптасу деңгейін арттыру шараларын әзірлеу және ұсынылған психологиялық-педагогикалық шарттардың тиімділігін анықтау негізінде жүзеге асырылады. Зерттеуде келесі әдістер қолданылды: әдебиеттерге контексттік талдау, сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу, эксперимент; модельдеу, статистикалық және аналитикалық талдау әдістері. Студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижесінде гендерлік мәселелердің маңыздылығын түсіну деңгейі және оларды талқылау, оқыту мен ақпараттандыру тәжірибесі анықталды. Тәжірибелі оқытушылар гендерлік мәселелерге арналған арнайы іс-шаралар мен жобаларды өткізудің қажеттілігін атап өтіп, ресурстардың жетіспеушілігі, қарсылық пен жеке сенімсіздік сияқты кедергілердің бар екенін және гендерлік аспектілерді тиімді интеграциялауға мүмкіндік беретін даму перспективаларын көретінін көрсетті. Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогтарды кәсіби қызметінде гендерлік аспектілерді тиімді ескеруге қабілетті етіп даярлауға арналған модель ұсынылды. Бұл модельдегі психологиялық-педагогикалық шарттар кәсіби қызметте гендерлік құзыреттіліктің маңыздылығын тереңірек түсінуге және әртүрлі жыныстағы оқушылармен тиімді өзара әрекеттесуге дайындықты арттыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған модельдің тиімділігі эксперимент нәтижелерімен дәлелденді.

