"БИОЛОГИЯ", "ХИМИЯ", "ГЕОГРАФИЯ" БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2522238Кілт сөздер:
Интеграция, денсаулық сақтау құзыреттілігі, білім беру бағдарламасы, болашақ мұғалімдер, педагогикалық білім, оқушылардың денсаулығыАңдатпа
Қазіргі білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің денсаулық сақтау қызметін жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру міндеті ерекше өзекті болып табылады. Бұл білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ жалпы педагогикалық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде денсаулық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты білім алушылардың денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыруға қосқан үлесі тұрғысынан педагогикалық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми бағыты ("Биология", "Химия", "География" дайындық бағыттары бойынша) білім беру бағдарламаларының пәндерінің мазмұнын талдау болып табылады. Зерттеуде келесі міндеттер қойылды: денсаулық сақтау құзыреттілігінің тұжырымдамасы мен құрылымын теориялық тұрғыдан негіздеу; денсаулық сақтау тәсілін жүзеге асыруда зерттелетін пәндердің әлеуетін анықтау студенттер мен оқытушылардың осындай аспектілердің маңыздылығын қабылдауын талдау; білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағыттарын ұсыну. Теориялық талдау әдістері, білім беру бағдарламаларын мазмұнды талдау, эмперикалық талдау, атап айтқанда студенттер мен оқытушылардың сауалнамасы қолданылды. Зерттеу барысында жаратылыстану пәндерінің денсаулықты сақтауға оң бағытталған құндылық-мағыналық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жоғары әлеуетке ие екені анықталды. Сауалнама нәтижелері студенттердің денсаулық сақтау компонентін тереңірек интеграциялауға қызығушылығын, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының осы саладағы жүйелі қалыптастыруға дайындығын растады. Жүргізілген талдау базалық және бейіндік пәндерге модульды енгізу, оқытудың практикалық бағытын күшейту, пәнаралық байланыстарды дамыту, педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік берді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы педагогикалық дайындық контекстінде денсаулық сақтау құзыреттілігінің мазмұны мен құрылымын нақтылау, ал практикалық – кәсіптік білім берудің денсаулық сақтау бағытын қамтамасыз ету мақсатында білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.