ҚЫТАЙ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК  ҚҰРАЛДАРДЫ (CAPT tools)  ҚОЛДАНУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2522257

Кілт сөздер:

екінші шет тілін оқыту , Қытай тілінің айтылуы, фонетика, интеллектуалды оқыту технологиясы, компьютерлік айтылымды оқыту бағдарламалары

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қытай тілі  фонетикасын оқытуда компьютерлік  оқыту құралдарының (CAPT tools) тиімділігін зерттейді. Бұл жұмыс студенттердің Қытай тілі фонетикасын оқу процесінде  көптеген қиыншылықтар кездестіруіне байланысты өзекті болып табылады. Зерттеу әдісінде аралас тәсіл қолданылды, нақтырақ: Қазақстанның университеттері мен институттарының 33 Қытай тілі оқытушыларынан алынған сауалнамалар барысында жиналған деректерді талдау, тиісті әдебиеттерге шолу жасау және қол жетімді CAPT құралдарын талдауды қамтыды. Зерттеу нәтижелері мультимедиялық ресурстар мен технологиялар Қытай тілін оқытуда кеңінен қолданылғанымен, Capt құралдарының интеграциясы шектеулі болып қала беретінін көрсетеді. Оқытушылардың көпшілігінің айтуынша тондар оқушылар үшін Қытай тілі фонетикасының ең күрделі спект болып табылады. Дегенмен, CAPT құралдарын пайдаланған оқытушылар бұл құрылғылардың білім алушылардың айтылымдарын жақсартуға, Қытай тілін үйренуге деген мотивациясын арттыруға және жалпы оқу нәтижелеріне оң әсерін атап өтті. Зерттеу тиімді CAPT құралдарына қол жетімділікті кеңейту, сондай-ақ оқытушыларға олардың педагогикалық дағдыларын арттыру үшін мақсатты біліктілікті арттыру қажеттілігін көрсетеді. Бұл зерттеу Қытай тілін оқытуда CAPT құралдарын қолданудың қазіргі жағдайы туралы құнды ақпарат беру арқылы осы салаға өз ықпалын тигізеді.

Автор өмірбаяндары

  • Туякова Лиза Бериковна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

    PhD докторант, шетел филологиясы кафедрасы,  филология факультеті

  • Исмагулова Гульнар Кульмухамбетовна, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, шетел филологиясы кафедрасының профессоры

  • Бежина Виктория Валерьевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    PhD, педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Жанкина Бахытжан Жакановна, Академик Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар