БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ФАСИЛИТАТОРЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА ДАЯРЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD253254Кілт сөздер:
педагог , фасилитатор , педагогикалық мәселе, өзара әрекеттесу , жасанды интеллект , ChatGPT,, Copilot, фасилитатор даярлауАңдатпа
Мақалада заманауи мектептегі оқу процесін, мектеп түлегі кез-келген дағдарыстық жағдайдан шығуға қабілетті интеллектуалды полисубъект болып қалыптасатындай етіп жетілдіру, мемлекеттің, зерттеушілердің және практиктердің назар аударуын талап ететін жаңа, әрі белсенді дами бастаған мәселе болып табылатындығы атап өтілген. Білім жүйесіне “интеллектуалды полисубъект”, “педагог-фасилитатор” ұғымдарының енгізілуі, мамандар даярлау мәселесіне жаңа көзқараспен қарауды, оқыту процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуді талап етеді. Алайда, қазіргі кезде ChatGPT және Copilot технологияларын қолдану мен болашақ педагогтарды даярлау нәтижелері арасындағы байланыс назардан тыс қалуда. Осыған байланысты болашақ педагог-фасилитаторды педагогикалық мәселелерді шешуде жасанды интеллект технологиясын қолдануға дайындау проблемаға айналып отыр.Мақалада педагог-фасилитаторларды педагогикалық мәселелерді шешуге ChatGPT және Copilot технологияларын пайдаланып шешуге даярлаудың құралдары мен әдістері сипатталған. ChatGPT және Copilot-ты пайдаланудың негізгі идеясы педагог-фасилитаторларды даярлау процесін тиімді іске асыру үшін қажетті ақпаратты жинау болып табылады. Бұл мектеп математикасының проблемалық-танымдық тақырыптарын терең түсіну және құрылымдау негізінде, оқытудың күтілетін нәтижелерінен міндетті нәтижелеріне көшуге мүмкіндік береді. Осылайша болашақ педагог-фасилитаторды даярлау сапасы айтарлықтай артады.Қосымша файлдар
Жарияланды
2025-10-03
Журналдың саны
Бөлім
Педагогикалық ғылымдар