ТОЛЫҚГЕНОМДЫ SNP КӨМЕГІМЕН ҚАЗАҚ ТАЗЫ ИТ ТҰҚЫМЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2521114Кілт сөздер:
Тазы, SNP, геном, филогенетикалық шежіре, РСААңдатпа
Қазақтың Тазы ит тұқымы ерекше морфологиялық сипатымен және бірегей мінез-қылығымен ерекшеленетін ит тұқымы. Тазы биологиялық ерекшеліктерімен бірге қазақ халқының мәдени-тарихи дәстүрінде де ерекше орын алып, ұлттық құндылықтың бірі ретінде ресми танылған. Тарихқа көз жүгіртсек, Тазы иті аңшылық өмірдің ажырамас бөлігі бола отырып, қазақ халқының көшпелі өмір салтында шешуші рөл атқарған. Қазақ халқында «жеті қазына» деген ұғым бар және осы жеті қазына құрамына Тазы итінің де кіруі оның мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Бұған дейін қазақтың Тазы ит тұқымы мен басқа тазы тұқымды иттер арасындағы генетикалық туыстыққа баға берілген болатын. Осы зерттеуде бұл талдау кеңейтіліп, Тазы ит тұқымының аңшылық иттердің кең ауқымдағы тұқымдарымен генетикалық байланысын бағалауға бағытталды. Зерттеуге қазақтың Тазы ит тұқымына жататын 39 өкілі, 16 әртүрлі аңшылық мақсаттағы 471 ит тұқымы, сондай-ақ салыстыру мақсатында сұр қасқырдың (Canis lupus) 18 үлгісіне жүргізілген толық геномдық SNP мәліметтері қолданылды. Алынған нәтижелер қазақтың Тазы ит тұқымының шығыс тазыларымен, атап айтқанда Арабтың салюгі мен Ауған тазылары арасында генетикалық байланысытың болатындығын, сондай-ақ оның басқа ит тұқымдарынан генетикалық оқшауланғанын көрсетті және бұрын анықталған мәліметтерді растады. Сонымен қатар, филогенетикалық талдау Тазы иті мен Басенджи тұқымының арасында байланыс болатындығын көрсетті. Бұл олардың арасында генетикалық байланыстың ежелден екендігін көрсетеді. Алынған нәтижелер аңшылық мақсаттағы ит тұқымдарының филогенетикалық тарихы туралы түсінікті кеңейтіп, Тазы ит тұқымының бірегей мәдени және генетикалық мұра ретіндегі құндылығын тағы да атап көрсетеді.