«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БОЙЫНДА КӘСІБИ РЕФЛЕКСИЯ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

  • Молдагалиева Мулдир Самиголлиевна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0003-2820-7989
  • Жиенбаева Надежда Бисеновна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Байдалиев Куатбек Абуталипович Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2542194

Кілт сөздер:

кәсіби рефлексия, арнайы педагогика, халықаралық тәжірибе, инклюзиялық білім беру, кәсіби даму, педагогикалық құзыреттік

Аңдатпа

Мақалада халықаралық тәжірибе негізінде «Арнайы педагогика» мамандығы студенттерінің кәсіби рефлексия дағдысын дамыту мәселесі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты — озық шетелдік тәжірибелерді талдай отырып, кәсіби рефлексияны болашақ арнайы педагогтарды тұлғалық және кәсіби жетілдірудің маңызды механизмі ретінде қарастыру және Қазақстанның білім беру жүйесіне бейімделген сараптамалық ұсыныстар беру. Осы мақсатты орындау үшін: DeBettencourt L.U., Nagro S.A., Georgiadi M., Papazafiri M., Heydari S., Beigzadeh A., Protassova E., Mikelsone I., Latsone L., Tigelaar D., Sins P., van Driel J. педагогикалық практикаларына салыстырмалы талдау жасалып, рефлексияны дамытуды қолдауға бағытталған тиімді әдістер, техникалар мен механизмдері айқындалды; сондай-ақ қазақстандық арнайы педагог мамандардың тәжірибе барысында кәсіби рефлексияның қолдану туралы әдістерімен маңыздылығы анықталды; зерттеу қазақстандық білім беру мекемелеріндегі (ЖОО, арнайы мектептер, инклюзиялық білім беру ұйымдарындағы) рефлексиялық мәдениеттің ағымдық жай-күйін айқындауға, сондай-ақ, қолданылатын әдістердің тиімділігімен қоса, шектеулерін де анықтауға мүмкіндік берген сапалық әдістерге негізделген. Соның нәтижесінде нақты құрылымды кері байланыс, менторлық және супервизорлық қолдау, рефлексиялық күнделік пен портфолио жүргізу және цифрлық платформаларды пайдалану рефлексияны дамытудың тиімді құралдары ретінде ұсынылды. Мақалада, сондай-ақ, «Арнайы педагогика» мамандығы студенттеріне кәсіби рефлексияны меңгертудің өзектілігі мен практикалық маңыздылығы жете қарастырылады. Рефлексия болашақ маманның өз іс-қызметін талдап, кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылу қабілетін қажет етеді. Осы құзіретті меңгерген студент пән саласы бойынша кәсіби ғана емес, сонымен бірге, психологиялық, этикалық және коммуникациялық та тұрғыдан даярланған, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларымен тиімді әрекеттесуге қабілетті маманға айналады. Зерттеу нәтижелері кәсіби рефлексияның болашақ студенттердің өзін-өзі тануына, кәсіби дағдыларын қалыптасуына және этикалық жауапкершілікті сезінуіне оң ықпал ететіндігін дәлелдейді. Аталған әсіресе ерекше білім беру саласында жұмыс істейтін мамандар үшін өте маңызды.

Автор өмірбаяндары

  • Молдагалиева Мулдир Самиголлиевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторант

  • Жиенбаева Надежда Бисеновна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    психология  ғылымдарының  докторы, профессор,  Арнайы  педагогика кафедрасы

  • Байдалиев Куатбек Абуталипович, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар