Мүйізді ірі қара қораларының микроклимат параметрлерін оңтайландыру тәсілдері
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD253165Кілт сөздер:
оңтайландыру, мал шаруашылығы қора-жайының микроклиматы, температура, ылғалдылық режимі, лактоза, химиялық құрамы, микроклимат параметрлеріАңдатпа
Бұл мақалада мал шаруашылығы кәсіпорындарындағы микроклиматты оңтайландыру әдістері қарастырылады. Жүргізілген зерттеулер қолданыстағы тәсілдерді талдауды, автоматтандырылған жүйелерді енгізуді және эксперименттік есептеулерді қамтиды.
Нәтижелер микроклимат параметрлерінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Мысалы, «Шалабай» шаруашылығында қыста температура -2°C-тан 10°C-қа дейін көтеріліп, ылғалдылық 85%-дан 65%-ға төмендеді, ал аммиак концентрациясы 25 ppm-нан 15 ppm-ға дейін азайды. «Приречное» агрофирмасында температура 9°C-қа артты, ылғалдылық 30%-ға төмендеді, ал аммиак деңгейі 18 ppm-ға азайды.
Экономикалық талдау инвестициялардың қайтарым мерзімі 9-10 ай аралығында болғанын көрсетті. Мысалы, «Шалабай» шаруашылығында салынған 440 000 теңге 8 айда қайтарылып, жас малдың салмағының артуы есебінен 600 000 теңге қосымша табыс әкелді. «Приречное» шаруашылығында әр сиырдан тәулігіне 3 литрге дейін сүттің артуы 950 000 теңгені 9 айда қайтаруға мүмкіндік беріп, 1 260 000 теңге қосымша пайда әкелді.
Негізгі қорытындылар микроклиматты автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып оңтайландыру жануарлардың өнімділігін және шаруашылықтардың экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал ететінін көрсетеді.