ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮҢГІРТ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР МЕН НИТРАТТЫ АЗОТТЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНДА МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Касипхан Ақгүл С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0002-2342-8777
  • Кекілбаева Гүлнұр Рахманқызы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0002-8817-9767
  • Кашкаров Асқар Аманжолович С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Сальникова Эльмира Рахимовна Пәнаралық зерттеулер институты, Белград университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2521121

Кілт сөздер:

күңгірт қара-қоңыр , топырақтар, нитратты азот, қарашіріндінің фракциялық-топтық құрамы, гумин қышқылдары, минералды тыңайтқыштар, тың жер

Аңдатпа

ББұл жұмыста Қарағанды облысының құрғақ дала аймағында «Шортанды 2012» жаздық бидай сортының агроценоздарында минералды тыңайтқыштардың гумус мөлшеріне, оның фракциялық құрамына және нитратты азоттың динамикасына әсері зерттелді. Тыңайтқыштар қолданудың алғашқы жылында гумус мөлшерінде елеулі өзгерістер байқалмағаны анықталды. P82 кг/га ә.е.з. мөлшерінде фосфор тыңайтқышын енгізгенде бақылау нұсқасымен салыстырғанда гумус мөлшерінің аздап жоғарылауы байқалды. Аммофос пен аммоний сульфатын (P82 кг/га ә.е.з. + N17 мг/кг ә.е.з.) бірге еңгізу күңгірт қара-қоңыр топырақтардағы гумус мөлшерінің айтарлықтай артуына ықпал етті. Жоғарыда аталған тыңайтқыштарды біріктіріп енгізуге байланысты N-NO₃ концентрациясы артқаны анықталды. Фосфорды алдын ала 82 кг/га ә.е.з. мөлшерінде азотпен (17 мг/кг ә.е.з.) бірге енгізген нұсқада нитратты азот мөлшері азотсыз фосфор фонындағы нұсқамен салыстырғанда жоғары болды. 2021 жылғы қуаңшылық жағдайында топырақтың жоғарғы қабатында N-NO₃ айтарлықтай жиналуы байқалды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша тыңайтқыштар енгізілмеген нұсқаларда қарашірінді мен нитартты азот мөлшері азайғандығы, яғни қоректік заттардың жылжымалы түрлері ғана емес, сонымен қатар топырақтағы органикалық заттардың тұрақты қосылыстары да ыдырайтындығы анықталды

Автор өмірбаяндары

  • Касипхан Ақгүл, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    PhD докторы, Агроэкологиялық сынақ орталығының меңгерушісі

  • Кекілбаева Гүлнұр Рахманқызы , С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.

  • Кашкаров Асқар Аманжолович, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

  • Сальникова Эльмира Рахимовна , Пәнаралық зерттеулер институты, Белград университеті

    PhD докторы, жаратылыстану ғылымдары бөлімінің профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары