АСБ БАР БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Нигматуллина Жибек Шаймерденовна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Махамбетова Алия Бердехановна Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Нұрбекова Аида Муратбековна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2542226

Кілт сөздер:

аутизм спектрінің бұзылыстары, бастауыш сынып оқушылары, коммуникативтік дағдылар, арнайы педагогика, мінез-құлықтық тәсілдер

Аңдатпа

Мақалада аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) бар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы педагогика саласындағы ең күрделі міндеттердің бірі болып табылады. АСБ бар балалар әлеуметтік коммуникацияда, экспрессивті және импрессивті сөйлеуде, вербалды емес өзара әрекеттесуде және эмоциялық қабылдауда елеулі қиындықтарға тап болады. Осы зерттеудің мақсаты – ғылыми әдебиеттерге шолу негізінде АСБ бар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған заманауи ғылыми тәсілдерді салыстырмалы түрде талдау және қазіргі таңда арнайы педагогтар мен психологтар қолданатын ең тиімді әдістерді анықтау. Қазіргі ғылыми еңбектер аутизм спектрі бұзылыстары бар балалардың сөйлеу белсенділігін, әлеуметтік өзара әрекет дағдыларын және функционалдық коммуникациясын дамыту үшін кешенді тәсілдер қажет екенін көрсетеді. Осыған байланысты мақалада инклюзивті және түзету білім беру жағдайында осы санаттағы балалармен жұмыс істейтін арнайы педагогтар мен психологтар қолданатын ең нәтижелі әдістердің жиынтығы сипатталады. Нәтижелер мінез-құлықтық және дамытушы тәсілдерді біріктіретін кешенді стратегиялардың тиімді екенін көрсетті. Практикалық тәжірибені жүйелеу АСБ бар балалардың білім беру ортасына қатысуын және дербестігін арттыруға ықпал ететін әдістерді анықтауға мүмкіндік берді. Қорытындылар балаларды оқытуда кешенді және дараландырылған тәсілді, сондай-ақ педагогтар мен құрдастардың белсенді қатысуын қамтамасыз етудің маңыздылығын растайды.

Автор өмірбаяндары

  • Нигматуллина Жибек Шаймерденовна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    докторант

  • Махамбетова Алия Бердехановна, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

    PhD, «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Нұрбекова Аида Муратбековна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар