ДАЛА АЙМАҒЫНДА NDVI ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІН ГАЖ АРҚЫЛЫ МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

  • Унышева Нурлыгуль Кошербаевна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Макенова Сауле Кажаповна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Бабкенова Лаззат Темерхановна Сібір геожүйелер және технологиялар мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2531270

Кілт сөздер:

ModelBuilder, NDVI, ауыл шаруашылығы жерлері, бедердің сандық моделі, геоақпараттық жүйелер, тұрақты жер пайдалану, өнімділікті болжау

Аңдатпа

Солтүстік Қазақстанның дала аймағында климаттық тұрақсыздықтың күшеюі және ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары тәуекелділігі жағдайында бидай өнімділігін жедел болжау міндеті ерекше маңызға ие болуда. Осы зерттеуде бидай өнімділігін бағалауға арналған кеңістіктік модель жасалды. Бұл модель қашықтықтан зондтау деректерін (NDVI), климаттық және топырақтық сипаттамаларды, жер бедерінің сандық моделін және ArcGIS жүйесіндегі геоақпараттық талдау құралдарын, соның ішінде кеңістіктік талдау және ModelBuilder конструкторын қолдану арқылы құрылды. Зерттеу Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы мысалында жүргізілді. Егістік жағдайын бағалау үшін Sentinel-2 спутниктік суреттері негізінде есептелген NDVI вегетациялық индексі қолданылды. Агростатистикалық деректермен біріктіру өнімділіктің кеңістіктік сипаттамаларын алуға мүмкіндік берді: орташа өнімділік 11,5 ц/га, ал ең жоғары көрсеткіш — 27,5 ц/га құрады. Жүргізілген талдау NDVI мәндері мен нақты өнімділік көрсеткіштері арасында тұрақты корреляция бар екенін көрсетті, бұл жоғары агроөндірістік әлеуетке ие учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді. Әзірленген модель агроөндірістік жоспарлау, егістік құрылымын оңтайландыру, жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы аумақтарының инвестициялық тартымдылығын бағалау міндеттерінде жоғары дәлдік пен практикалық қолданбалығын көрсетті. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру бағдарламасы аясында кеңінен қолдануға жарамды және өзге өңірлерге бейімдеуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Унышева Нурлыгуль Кошербаевна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    докторант, жерге орналастыру кафедрасының докторанты

  • Макенова Сауле Кажаповна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    PhD доктор, қауымдастырылған профессор, жерге орналастыру кафедрасының меңгерушісі

  • Бабкенова Лаззат Темерхановна, Сібір геожүйелер және технологиялар мемлекеттік университеті

    аспирант

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары