ҚАЛАЛАЛЫҚ ОРТА ЖАҒДАЙЫНДА (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА) ИТТЕРДІҢ ӨТ ҚАБЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP252131Кілт сөздер:
өт қабы, холецистит, иттер, диагностика, бейімділік, таралуы, ветеринарАңдатпа
Мақалада 2022–2024 жылдар аралығында Қостанай қаласындағы иттерде холециститтің таралуы мен бейімділігіне жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – аурудың таралу ерекшеліктерін маусымдық, жас, жыныстық және тұқымдық факторлар бойынша анықтау. Қаладағы үш ветеринариялық мекемеде тіркелген 1200 клиникалық жағдайға талдау жүргізілді. Өт қабының патологиясы бар иттерде жедел және созылмалы холецистит анықталып, бұл барлық аурулардың 2,5%-ын құрады. Ең көп жағдай күзде (44,4%) және көктемде (34,7%) тіркелген. 5 жасқа дейінгі иттер ең осал топқа жатады. Еркек иттерде аурудың жиілігі ұрғашыларға қарағанда екі есе жоғары. Ауру жиі аралас тұқымды және сәндік иттерде кездескен, бұл оларды күтіп-бағу жағдайларына, тамақтану ерекшеліктеріне және метаболикалық бейімділікке байланысты болуы мүмкін. Алынған деректер ультрадыбыстық және зертханалық зерттеулерді қоса отырып, кешенді диагностиканың маңыздылығын, сондай-ақ тұқымына, жасына және жынысына қарай бағытталған алдын алу шараларының қажеттілігін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері клиникалық тәжірибеде өт қабының ауруларын уақтылы анықтау мен алдын алу тиімділігін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін.