БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ: ӘДІСТЕМЕ МЕН НӘТИЖЕЛЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612279

Кілт сөздер:

құзыреттілік, әлеуметтік педагогтер, бағалау әдістері, дамыту моделі, диагностика, тиімділікті дамыту

Аңдатпа

Бұл мақалада зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалып, болашақ әлеуметтік педагогтердің цифрлық коммуникативтік құзыреттілік деңгейін бағалаудың тиімді әдістемесін әзірлеу және оның орындылығын анықтау мақсаты көзделген. Алға қойылған барлық міндеттер шешімін тапты. Зерттеудің маңыздылығы – болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби дайындығының тиімділігін арттыруда, педагогикалық мамандықтарға олардың цифрлық коммуникативтік құзыреттілік деңгейін кешенді түрде диагностикалауға мүмкіндік беретін тиімді құрал ұсынуында. Зерттеу әдістері ретінде әдебиеттерді талдау, сауалнама жүргізу, үлгілеу әдістері, эксперименттік диагностика және салыстырмалы талдау қолданылды. Барлық сарапшылар болашақ әлеуметтік педагогтердің цифрлық коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру қажет деп есептейді. Студенттерге жүргізілген сауалнамалық талдау нәтижесі де болашақ әлеуметтік педагогтерді жоғары оқу орнында оқыту кезінде цифрлық құзыреттіліктің жекелеген бағыттарын мақсатты түрде дамыту қажеттігін көрсетеді. Болашақ әлеуметтік педагогтерге арналған әзірленген әдістеме олардың цифрлық коммуникативтік құзыреттілік деңгейін тиімді бағалауды қамтамасыз етеді, әрі олардың әрі қарай дамуына және цифрлық экономика мен қоғам жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Салыстырмалы талдау нәтижелері болашақ әлеуметтік педагогтерге арнайы әзірленген жаңа бағалау әдістемесінің тиімді екенін, олардың цифрлық білім беру жағдайында мақсатты дамуы мен кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Солтанбаева Бибигуль, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының докторанты

  • Сейітқазы Перизат Байтешовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, «Әлеуметтік педагогика» жоғары мектебінің профессоры

  • Махадиева Асель Каратаевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, доцент м.а.

  • Мустафина Раушан Сүйіндікқызы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар