МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖЕЛІСІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТІ АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2521255Кілт сөздер:
автоматтандыру, экономикалық тиімділік, өнімділік, жүк көтергіш механизм, бағдарламаланатын логикалық контроллерлер, машина жасау саласыАңдатпа
Өндірістік үдерістерді автоматтандыру – Қазақстан Республикасының өнеркәсібін Индустрия 4.0 және экономиканы цифрландыру жағдайында дамытудың басым бағыттарының бірі. Бұл мақала машина жасау кәсіпорындарының жинақтау учаскелерінде автоматтандыруды енгізудің экономикалық тиімділігін бағалауға арналған. Зерттеудің мақсаты – экономикалық және өндірістік көрсеткіштерді бағалау арқылы жинақтау желілерін автоматтандырудың орындылығын негіздеу. Мақалада шығындарды азайту, еңбек өнімділігін арттыру және өнім сапасын жақсарту секілді экономикалық тиімділікті есептеу әдістері қарастырылады. Зерттеудің практикалық бөлімі Қазақстандағы бір машина жасау кәсіпорнының негізінде жүргізілген. Нәтижелер автоматтандырудың кешенді тәсілі өндірістік бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді құралы екенін дәлелдейді. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ескере отырып, автоматтандырылған шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстар берілген. Зерттеуде Костанай облысының инфрақұрылымдық жағдайы, еңбек нарығы және техникалық әлеуеті ескеріліп, өңірлік ерекшеліктерге ерекше назар аударылған. Бұл зерттеудің қолданбалы мәнін арттырып, алынған нәтижелерді масштабтауға мүмкіндік береді.