БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Байболова Динара Тұрмағанбетқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Бекжанова Бахытжамал Жорабекқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Сапарқызы Жаннат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Айдналиева Назгуль Аманжоловна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254254

Кілт сөздер:

эмоционалды интеллект, эмоционалды күйлер, эмоционалды құзыреттілік, өзін - өзі реттеу, эмпатия, өзін - өзі басқару

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда эмоционалды интеллекттің рөлі жан-жақты талданады. Эмоционалды интеллекттің (ЭИ) құрылымдық компоненттері, олардың кәсіби тиімділікпен байланысы және педагогтің кәсіби қызметіндегі мәні анықталады. Зерттеу барысында Н. Холл сауалнамасы қолданылып, білім алушылардың ЭИ деңгейі мен компоненттері сандық-статистикалық әдістер арқылы талданды. Аталмыш әдіс арқылы эмоционалды хабардарлық, эмоцияларды басқару, өзін-өзі ынталандыру, эмпатия және басқа адамдардың эмоцияларын тану сияқты бес негізгі компонент анықталады. Зерттеу нәтижелері бойынша қатысушылардың 55,2%-ы төмен эмоционалды интеллект деңгейін көрсеткені, ал тек 15,5%-ының жоғары деңгейге ие екені анықталды. Эмоцияларды басқару мен эмпатия секілді компоненттерде ең төмен нәтижелер байқалған, бұл болашақ педагогтердің эмоционалды және кәсіби дағдыларын дамыту қажеттігін көрсетеді. Эмоционалды интеллекттің дамуы әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері үшін ерекше маңызды екендігі атап өтілді. Өйткені олар оқушылардың эмоционалды сауаттылығын қалыптастырып, сыныпта жағымды әрі қолайлы атмосфера жасайды. Мақалада эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту болашақ педагогтардың стресске қарсы тұру қабілетін арттырып, кәсіби және жеке өмірде тиімділігін жоғарылататыны айқындалды. Сонымен қатар, эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған арнайы тренингтер мен әдістемелерді енгізу қажеттілігі баса айтылған. Бұл дағдыларды дамыту білім беру процесінің жалпы сапасын жақсартуға, сондай-ақ мектептегі эмоционалды климатқа оң ықпал етеді.

 

Автор өмірбаяндары

  • Байболова Динара Тұрмағанбетқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    докторант

  • Бекжанова Бахытжамал Жорабекқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    PhD, педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі білім беру бағдарламасының жетекшісі

  • Сапарқызы Жаннат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    PhD, педагогика және дәстүрлі өнер институты директорының орынбасары

  • Айдналиева Назгуль Аманжоловна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру   кафедрасының профессор ассистенті

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар