КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АСТЫҚ ӨНДІРІСІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2521245

Кілт сөздер:

аграрлық сектор экономикасы, климаттық өзгерістер, бидай өнімділігі, активті температуралардың жиынтығы, топырақтың ылғал қоры (немесе ылғалдану мөлшері), табиғи-климаттық жағдайлар, жауын-шашын жиынтығы, топырақ температурасы, нәтижелік көрсеткіш, факторлық белгі

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы Қостанай облысының аграрлық секторына климаттық өзгерістердің әсер ету факторлары қарастырылған. Зерттеу астық шаруашылығына, оның ішінде өңір үшін басым бағыт болып саналатын астық өндірісіне бағытталған. Зерттеудің мақсаты – климаттық жағдайлардың өзгеруіне байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігіне, тәуекел деңгейіне және тұрақтылығына ықпалын кешенді экономикалық тұрғыда талдау.

Бұл зерттеу бірнеше міндетті шешуді көздейді: соңғы үш онжылдықтағы климаттық үрдістерді зерделеу және талдау; климаттық өзгерістер жағдайында бидайдың жалпы жиналымы динамикасын бағалау; соңғы 33 жылдағы факторлық белгілердің нәтижелік көрсеткіш – бидай өнімділігіне әсерін талдау; климаттық тұрақсыздық жағдайында бейімделу саясатының  бағыттарын негіздеу.

Климаттың өзгеруі жағдайында Қостанай облысының табиғи-климаттық жағдайларына талдау жүргізілді. Бидай өсірудің ауа райы факторларына – вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын мөлшеріне, белсенді температуралар жиынтығына, маусымдық кезеңдер бойынша топырақ температурасына, сондай-ақ топырақтағы ылғал қорына тәуелділігі анықталды.

Факторлық белгілердің (ауа райы жағдайларының) нәтижелік көрсеткішке – бидай өнімділігіне әсерін анықтау үшін қолданылған статистикалық әдістер жан-жақты қарастырылды. Зерттеу барысында климаттық өзгерістерге бейімделудің тұрақты өндірістік стратегияларды қалып­тастырудағы маңызды рөлі айқындалды.

Алынған нәтижелер өзгермелі климат жағдайында бидай өндіру мен өсіру үдерісін бейімдеуге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуде практикалық маңызға ие.

Автор өмірбаяндары

  • Исмуратова Ғалия Суиндикқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    экономика ғылымдарының докторы, Бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының профессоры

  • Akhmetkali Tansulu Amangeldykyzy, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-18

Журналдың саны

Бөлім

Экономикалық ғылымдар