АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН БИОДИНАМИКАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ БҰРШАҚ ЖӘНЕ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Ансабаева Асия Симбайқызы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-2110-2650
  • Исаева Жанетта Батырханқызы Инновациялық Еуразия университеті https://orcid.org/0000-0002-4182-3041
  • Махамбетов Мұрат Жарақұлы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-8356-296X
  • Peiling Zhang Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2531126

Кілт сөздер:

биологиялық әртүрлілік, топырақ биотасы, бұршақ дақылдары, Дәнді дақылдар, агрожүйелердің тұрақтылығы

Аңдатпа

Қазіргі заманғы аграрлық өндіріс топырақтың құнарлылығын арттыруға және агрожүйелердің тұрақтылығына бағытталған. Бұршақ тұқымдас және дәнді дақылдармен ауыспалы егістердің құрылымын енгізу топырақ құрылымын жақсартуға, топырақ биотасының дамуына және химиялық тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтуға ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Жергілікті жердің биоклиматтық көрсеткіштерін бағалау нәтижесінде 2025 ауыл шаруашылығы жылының бірінші жартыжылдығында вегетациялық кезең ішінде жауын-шашынның біркелкі түспегені анықталды. Қалыптасқан температуралық режим және вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын мөлшері (ГТК-0,9) негізінде жүргізілген гидротермиялық коэффициенттің есептеулері метеорологиялық жағдайларды шамалы құрғақ деп сипаттайды; эксперименттік учаскенің топырағындағы қоректік заттардың мөлшері анықталды: гумустың мөлшері -3,13%, P2O5-10,22-10,97 мг / кг, N-NO3-3,12-3,27 мг/кг, K2O 523,1 мг / кг, РН-7,35-7,47; биометриялық көрсеткіштерге талдау жүргізілді: ноқаттың зертханалық өнгіштігі – 97,0%, өну энергиясы-75%, тұқым тазалығы-97,0%; ноқат өсімдіктерінің далалық өнгіштігі биологиялық препараттарды қолдану тәжірибесі бойынша 73,3% – дан 84,2,7%-ға дейін, бақылауда 70,0% - ға дейін, ал өсімдіктердің сақталуы 72,7%-дан 84,7%-ға дейін, бақылаумен салыстырғанда 79,2%-ға дейін өзгерді; ноқат өсімдіктерінің өнімділігі анықталды: тәжірибе нұсқаларына байланысты биологиялық өнім 8,2-17,2 ц/га, қолданылатын препараттарға байланысты астықтың нақты өнімділігі 7,79 ц/га-дан 16,3 ц / га-ға дейін өзгерді

.

Автор өмірбаяндары

  • Ансабаева Асия Симбайқызы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Исаева Жанетта Батырханқызы, Инновациялық Еуразия университеті

    PhD докторы, агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Махамбетов Мұрат Жарақұлы , Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    PhD докторы, экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Peiling Zhang, Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университеті

    PhD докторы, агрономия коледжның қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары