АҚМОЛА ЖӘНЕ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛА АЙМАҒЫНДА ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК СЕЛЕКЦИЯДАҒЫ ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫ МЕН БУДАНДАРЫНЫҢ САНДЫҚ БЕЛГІЛЕРІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2541124Кілт сөздер:
Бидай, сорт, будан, өнімділік, масақ, өнімділік көрсеткіштеріАңдатпа
Зерттеуде Ақмола және Қарағанды облыстарының құрғақ дала аймақтарында өсірілген жаздық жұмсақ бидайдың сорттары мен будандары бағаланды. Мақсат – өңірдің климаттық жағдайларына бейімделген және жоғары өнімді генотиптерді анықтау. Талдау негізгі селекциялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді: масақ ұзындығы, масақтың дәнмен толуы, масақтан алынатын дән массасы, масақшалар саны және жалпы өнімділік.
Ақмола облысында ерте пісетін топ ішінде ең жоғары өнімді Линия 1617 ае9 сорты көрсетті (396,6 г/м²). Орташа пісетін топта Xi Chun 911 сорты ерекшеленіп, оның өнімділігі 357,6 г/м² болды. Кеш пісетін топта ең жоғары өнімділік Long Chun 31 сортында анықталды – 458,4 г/м². Қарағанды облысында Лютесценс 13-15 және Фаворит сорттары тұрақты өнімділік көрсетті (257 г/м²). Орташа пісетін топ ішінде ең өнімді сорт Лютесценс 2223 болды (259 г/м²). Сонымен қатар, болашақ селекция үшін жоғары әлеуетке ие будан комбинациялары анықталды: Силантий × Фаворит, Челяба 80 × Қарағанды 31 және Қарағанды 30 × Новосібір 31. Алынған нәтижелер зерттелген материалдың жоғары өнімді жаздық жұмсақ бидай сорттарын шығаруда маңызды бастапқы материал бола алатынын дәлелдейді.

