ИНФОРМАТИКА МЕН БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА МАНИПУЛЯТОРЛАР МЕН МИКРОКОНТРОЛЛЕРЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2612110Кілт сөздер:
3D, COM порты , серво жетектері, алгоритмдік ойлау, интеллектуалды жүйе, робототехника, ArduinoАңдатпа
Автоматтандыру мен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында білім беру және өндірістік ортада робототехникалық жүйелерді әзірлеуге және қолдануға қабілетті мамандарды даярлау ерекше маңызға ие. Бұл мақалада компьютерлік технологиялар мен автоматтандырылған басқару тәсілдерін пайдалана отырып, Arduino микроконтроллері негізіндегі үш сатылы робот-манипуляторды жобалау, модельдеу және оны оқу процесіне енгізу тәжірибесі қарастырылады. Негізгі назар манипулятордың кинематикалық схемасын құруға, CAD ортада 3D моделін әзірлеуге, қозғалыстың динамикалық талдауын жүргізуге, компоненттерді жобалап 3D басып шығару арқылы дайындауға, сондай-ақ компьютерден COM порты арқылы басқарылатын Arduino негізіндегі басқару жүйесін іске асыруға бағытталған. Зерттеу Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Информатика кафедрасында бір оқу семестрінде жүргізіліп, «Информатика» білім беру бағдарламасының 2-курсынан 60 студент қатысты. Қатысушылар эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді: эксперименттік топ манипуляторлар, сенсорлар және Arduino құрылғыларымен практикалық тапсырмалар орындаса, бақылау тобы физикалық құрылғыларсыз дәстүрлі бағдарламалық тренажерлерді қолданды. Нәтижелер эксперименттік топта қорытынды тест көрсеткішінің едәуір артқанын (78,4) және мотивация деңгейінің жоғарылағанын (4,4) көрсетті. Алынған деректер компьютерлік модельдеу мен тәжірибеге бағытталған робототехникалық оқыту теория мен практиканы тиімді интеграциялап, студенттердің алгоритмдік ойлауын, инженерлік құзыреттерін және пәнге қызығушылығын күшейтетінін дәлелдейді.

