ҚАЗАҚСТАН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ТҮПТІК ШӨГІНДІЛЕРІНІҢ ГРАНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ ЖӘНЕ ЭКСПРЕСС-ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2531186Кілт сөздер:
гранулометриялық құрамы, түптік шөгінділер, топырақтар, фракция, рентген-флуоресцентті спектрлік талдау, корреляциялық тәуелділікАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында орналасқан Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларының жағалаулық аймағындағы түптік шөгінділерге жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Далалық жұмыстар қыс мезгілінде, мұз жамылғысының астынан су және түптік шөгінділер үлгілерін іріктеуге бейімделген әдістемелерді қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, бөлшек өлшемі 0,1 мм-ден кіші фракциялар органикалық заттармен, ауыр металдармен (Zr, Ni, Cu, Zn, As, Y, Pb және т.б.), металл оксидтерімен және фосформен (Al₂O₃, Fe₂O₃, K₂O, TiO₂, MnO, P₂O₅) жоғары адсорбциялық қабілетке ие екені анықталды. Сонымен қатар, хром, күкірт, кобальт элементтері мен кремний, магний, кальций оксидтері майда дисперсті және аллювийлі фракциялармен әлсіз корреляция көрсетеді. Шөгінділердің химиялық құрамын талдау үшін рентгенофлуоресценттік спектроскопияны пайдалану арқылы жедел әдістер игерілді. Гранулометриялық құрам, химиялық компоненттер мен органикалық заттар арасында тұрақты корреляциялық байланыстар анықталды. Алынған нәтижелер тек экологиялық мониторинг үшін ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында да — органикалық заттармен байытылған түптік шөгінділерді органоминералдық тыңайтқыш ретінде қайталама пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру және бүлінген аумақтарды рекультивациялау үшін қолдануға болатын құнды тәжірибелік маңызға ие.

