ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ҮШІН БЛОКТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG254294Кілт сөздер:
білім беру, оқыту , инновациялық технологиялар, блоктық бағдарламалау, логикалық ойлауАңдатпа
Бұл ғылыми мақала болашақ информатика мұғалімдерін даярлау контекстінде логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістемелік және педагогикалық негіздерін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуы жағдайында мамандардың жүйелі және сыни ойлау дағдыларына қойылатын талаптардың артуымен негізделген, бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыруды талап етеді. Зерттеу барысында болашақ информатика мамандарын кәсіби даярлау үдерісінде блоктық бағдарламалауды (мысалы, Scratch, Blockly сияқты визуалды орталар) қолдану арқылы логикалық ойлауды қалыптастырудың тиімді механизмдері мен дидактикалық шарттары қарастырылады. Авторлар блоктық бағдарламалаудың күрделі алгоритмдік және абстрактілі ұғымдарды визуалды, интуитивті түрде меңгеруге мүмкіндік беретін жоғары дидактикалық әлеуетке ие құрал ретіндегі рөлін талдайды. Осы әдістемені қолдану оқытуды жекелендіруге және студенттердің оқуға деген ішкі уәжін арттыруға қосымша мүмкіндіктер беретіні көрсетілген. Нәтижелер блоктық бағдарламалау орталарын мақсатты түрде пайдалану болашақ мұғалімдердің алгоритмдік және дедуктивті ойлау қабілеттерін арттыруда, сондай-ақ пәндік біліктіліктерін нығайтуда айтарлықтай оң әсер ететінін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл тәсіл олардың болашақ кәсіби қызметінде күрделі ақпараттық міндеттерді шешуге дайындығын қамтамасыз етеді. Ұсынылған педагогикалық негіздер информатика пәні бойынша жоғары оқу орындарындағы оқытудың мазмұнын жетілдіруге теориялық және практикалық үлес қосады. Мақала ғылыми-педагогикалық қауымдастыққа, докторанттарға және білім беруді цифрландыру мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған.

