БЕЛСЕНДІ ЖЕТЕКТІ ТРАКТОРЛЫ-ТРАНСПОРТТЫҚ АГРЕГАТ ТІРКЕМЕСІ ДОҢҒАЛАҚТАРЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫНЫ ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG254166Кілт сөздер:
зертханалық қондырғы, дөңгелек, тіркеме, белсенді жетек, кинематикалық режим, тракторлы-транспорттық агрегатАңдатпа
Белсенді жетек жүйесі бар трактор-транспорттық агрегаттар (ТТА) қазіргі ауыл шаруашылығы үшін болашағы зор техника түрі болып табылады. Алайда, белсенді жетек жүйесі бар дөңгелектердің тірек бетімен өзара әрекеттесу үдерісі туралы білімнің жеткіліксіздігі бұл техниканың ғылыми тұрғыда кеңінен зерттелуін және өндірісте қолданылуын тежейді. Жұмыстың мақсаты – трактор-транспорттық агрегаттардың өтімдігін артыру принципін негіздеу. Бұл мақалада белсенді жетекті дөңгелектердің айналу режимдерін негіздеу бойынша тәжірибелік зерттеулерге арналған зертханалық қондырғыны әзірлеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Зертханалық қондырғыны жасауға құрылымдық құжаттама ЖҚБЖ талаптарына сәйкес КОМПАС-3D бағдарламасын пайдалана отырып әзірленді. Зертхалалық қондырғыда зерттеу жүргізу кезінде дөңгелектің айналуының кинематикалық режимі коэффициентінің қажетті диапазонын анықтауға арналған математикалық өрнек алынды. Алынған өрнек негізінде қондырғы жетегінің ауыстырмалы жұлдызшаларындағы тістер санына (беріліс қатынасына) байланысты дөңгелектің айналу кинематикалық режимі коэффициентінің тәуелділігі туралы деректер анықталды. Осылайша, әзірленген зертханалық қондырғы тракторлы-транспорттық агрегаттардың (ТТА) өтімділігін арттыру принципін негіздеу үшін тіркеменің пәрменді жетекті жүріс дөңгелегінің жұмысын тәжірибелік зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.

