IPI ҚАРА МАЛ ТУБЕРКУЛЕЗІНІҢ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Авторлар

  • Тлегенова Жұлдыз Жеңісқызы Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты
  • Сарсенова Гүлжауһар Талғатқы Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты
  • Борсынбаева Асия Маденовна Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының жетекші
  • Ракецкий Виталий Анатольевич «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС филиалының «Қостанай ҒЗВИ»

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254155

Кілт сөздер:

туберкулез, аумақтандыру, ipi қара мал, туберкулин, мониторинг, қолайсыз пункт, болжау

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан аумағында ірі қара малдың туберкулезі бойынша эпизоотиялық жағдайды зерттеудің нәтижелері келтірілген. Жануарларды туберкулезге аллергиялық зерттеулердің нәтижелерін қоса ала отырып жүргізілген эпизоотологиялық талдау, биоматериалды биологиялық зерттеулер Қазақстанның ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара малдың туберкулезі бойынша эпизоотиялық  жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді. Жүргізілген мониторингтік зерттеулердің нәтижесінде ҚР аумағын жануарлар туберкулезі бойынша аймақтарға бөлу жүргізілді.

Республиканың қолайлы өңірлеріне инфекцияның ену және таралу тәуекелдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағын шартты түрде 3 аймаққа бөлу ұсынылады: бірінші аймақ – туберкулез бойынша қолайсыз, екінші аймақ – қолайлы, инфекцияның пайда болу және таралу қаупі жоғары, үшінші аймақ – қолайлы, инфекцияның пайда болу қаупі төмен.

Республиканың аумағында туберкулездің пайда болуы мен таралуына әсер ететін әртүрлі факторлардың: қолайсыз пункттердің болуы, мал басының тығыздығы, ел ішінде және елге импорттау кезінде жануарлардың орын ауыстыруы, туберкулинге оң нәтиже беретін және туберкулезбен ауыратын жануарлардың саны бойынша деректерін талдау негізінде  аурудың  өршуіне  болжау жүргізілді.

ҚР территориясын аймақтандыру және аумақтарға бөлу соңғы 10 жылдағы эпизоотиялық жағдай бойынша статистикалық деректерді талдау, еліміздегі ағымдағы эпизоотиялық жағдайды талдау, аурудың пайда болуы мен таралуының мүмкінді тәуекелдерін ескере отырып өзіндік аллергиялық зерттеулердің нәтижелерін талдау негізінде, және өңірлерде туберкулездің таратылуы дәрежесіне қарай әрбір өңірдің мәртебесін анықтай отырып, аурудың ену қаупінің деңгейін талдау, эпизоотияға қарсы іс-шаралар мен эпизоотологиялық деректерді талдау бойынша жүргізілді.

Автор өмірбаяндары

  • Тлегенова Жұлдыз Жеңісқызы, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты

    биология ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер

  • Сарсенова Гүлжауһар Талғатқы, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер

  • Борсынбаева Асия Маденовна , Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының жетекші

    PhD докторы, ғылыми қызметкері

  • Ракецкий Виталий Анатольевич, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС филиалының «Қостанай ҒЗВИ»

    PhD, аға ғылыми қызметкер

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар