АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮЗДІК РАПСТЫҢ АГРОЦЕНОЗ КЕЗІНДЕГІ ГЕРБИЦИДТЕРГЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ АРАМШӨПТЕНУ ДИНАМИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611077Кілт сөздер:
күздік рапс, Первенец Семиречья, арамшөптер, гербицидтер, биологиялық тиімділікАңдатпа
Күздік рапс әлемде 32 миллион гектардан астам жерді алып жатқан стратегиялық маңызды майлы дақылы болып табылады. Қазақстанда соңғы бес жылда орташа шығымдылық 12,2 ц/га, жалпы өнімділігі 172 мың. тонна құрады, майлығы (45-50%) және ақуыз (20-25%) мазмұнына байланысты жоғары әлеуетке ие, дегенмен, ол 25-30% шығымдылығын төмендетуі мүмкін, арамшөптерден тиімді қорғауды талап етеді. Үш жылдық зерттеу (2021–2023) нәтижесінде гербицидтердың (Zellek Super, Panther, Select) және қосжарнақты (Lontrel 300 және Hacker) арамшөптерге дакылдарына қарсы тиімділігі зерттелді. Бағалау биологиялық тиімділік, ауылшаруашылық дақылдарының зақымдануы және шығымдылық көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Гербицидтерді қолдану өнімділікті арттырды: бақылауда - 9,5–11,8 ц/га-дан өңделген жерлерде - 17,9–30,2 ц/га дейін болды. «Зеллек Супер» және «Пантера» (0,75–1,5 л/га) препараттары дәнді дақылдардың арамшөптеріне қарсы ең жоғары тиімділікті көрсетіп, арамшөптердің залалдануын 95–97%-ға азайтты. Қосжарнақты арамшөптерге қарсы «Лонтрел 300» гербицидін (0,4 л/га) қолдану кезінде оңтайлы нәтижелер алынды. Арамшөптердің түрлік құрамын (күріш тарысы, жабайы сұлы, кәдімгі итқонақ, кәдімгі алабота) ескере отырып, бактық қоспаларды қолдану бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл гербицидтер бойынша алынған нәтижелерді күздік рапс дақылдарында қолдануға және арамшөптерден тиімді қорғауға қол жеткізуге болады.

