ҚАЗАҚСТАНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2542172Кілт сөздер:
дарынды балалар, психологиялық-педагогикалық қолдау, педагогтарды даярлау, инновациялық жүйе, педагогтар, студенттерАңдатпа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы дарынды балаларды тиімді қолдау мәселелерінің барған сайын маңызды бола түсуімен айқындалады. Осыған байланысты бұл бағыттағы кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіне заманауи инновациялық тәсілдерді енгізу қажеттігі туындап отыр. Бұл елдің бірегей адами капиталын дамытуға бағытталған өзекті қажеттіліктер мен бәсекелестік талаптарымен түсіндіріледі. Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасында дарынды балалармен жұмыс істейтін педагог кадрларды даярлаудың инновациялық жүйесін құрудың қажеттілігін ғылыми тұрғыда негіздеу болып табылады. Зерттеудің негізгі міндеттеріне келесілер кіреді: негізгі ұғымдар мен тұжырымдарды анықтау; педагогтарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін талдау; педагогикалық кадрларды даярлау мен дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тиімділігін бағалау; педагогтарды даярлаудың инновациялық жүйесінің оңтайлы моделін, сондай-ақ кәсіби құзыреттілікті іріктеу және бағалау критерийлерін әзірлеу. Қойылған міндеттерді шешу үшін теориялық және эмпирикалық әдістерді қамтитын кешенді әдіснама қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстандағы қазіргі педагогтарды даярлау жүйесі дарынды балалармен жұмыс істеуге қажетті құзыреттер деңгейін қамтамасыз етпейді. Бұл педагогтардың дайындық деңгейінің төмендігімен және жоғары оқу орындарында мамандандырылған инновациялық бағдарламалардың жеткіліксіздігімен байланысты. Алынған нәтижелер педагогтарды даярлаудың инновациялық моделіне көшудің қажеттілігін дәлелдейді. Мұндай модель дарынды балалармен жұмыс істеуге бағытталған ерекше кәсіби құзыреттерді дамытуға негізделуі тиіс. Зерттеу барысында педагогтардың біліктілігін арттырудың үлгісі әзірленіп, олардың іріктеу мен бағалау критерийлері ұсынылды. Бұл жұмыс дарындылық мәселесі жөніндегі ғылыми білімді кеңейтіп, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтарды даярлаудың тиімді инновациялық жүйесін қалыптастыруға назар аударады. Зерттеудің практикалық маңызы зор, өйткені оның нәтижелері мен ұсыныстарын білім беру саласын басқару органдары мен педагогикалық жоғары оқу орындары жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу барысында пайдалана алады.

