8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН STEAM БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Куланова Фариза Акимжанқызы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті https://orcid.org/0009-0009-0712-0949
  • Пошаев Данебек Қолдасұлы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Байтуреев Данияр Шарипбекұлы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Құдабаева Перизат Асанбайқызы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622158

Кілт сөздер:

жобаға негізделген зерттеу дағдылары, STEAM оқыту әдістері, жобалау дағдылары, формативті бағалау, зерттеу, проблеманы анықтау, тиімді әдістер

Аңдатпа

Мектеп жасындағы оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамыту болашақта табысты және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Білім беру үдерісіне STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) білім беру жүйесін енгізу оқушылардың жобалық жұмысқа деген қызығушылығын дамытудың инновациялық тәсілі болып табылады. Зерттеуде көлденең жоспарлау арқылы пәнаралық тәсілдер арқылы сабақ барысында STEAM білім беру жүйесін қолдану арқылы зерттеу жүргізу нәтижелері талданады. Бұған дейінгі озық тәжірибелер негізінде іс-әрекеттік-зерттеу де жүргізілді. Іс-әрекетті зерттеуде қолданылатын әдістер мен тәсілдердің оқушының дамуына және олардың пән бойынша оқу жетістіктеріне әсері көрсетіліп, білім беру ортасында STEAM білім беруді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар берілді. Өткізілген іс-әрекеттік-зерттеу жұмысы оқу бағдарламасының мазмұны бойынша бейнелеу өнері сабағының мазмұнындағы пәндерді кіріктірудің мазмұндық нәтижелерін бағалауға бағытталған. Сонымен қатар, зерттеудің негізгі түйіні – өнер мен ғылымның байланысын толық ашу. Мұнда өнер сабақтары арқылы оқушыларды жоба құруға, мәліметтермен жұмыс жасауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Зерттеу жұмысында STEAM оқыту әдісін қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының жобалау және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Проблемалардың ауқымы анықталып, оқушының жеке қабілетіне қарай оқыту әдістерін таңдау жолдары талқыланады. Дереккөздер арқылы жасалған оқыту әдістері оқытудың тиімділігін арттыру мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Зерттеуде шығармашылық пәндердің жаратылыстану ғылымдарымен және олардың әдістерімен тығыз байланысы да қарастырылады. Бұған зерттеудің оң нәтижелері дәлел. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың жобалау, зерттеушілік дағдылары дамып, тәжірибе жасауға қызығушылықтары арта түсті. Зерттеудің сәтті аспектілері мен жақсартуды қажет ететін аспектілері көрсетілген. Зерттеудің өзектілігі анықталып, оның ең жақсы деңгейде жүргізілгені көрсетілді.

Автор өмірбаяндары

  • Куланова Фариза Акимжанқызы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    PhD докторанты

  • Пошаев Данебек Қолдасұлы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор

  • Байтуреев Данияр Шарипбекұлы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

    Магистр, мұғалім-сарапшы

  • Құдабаева Перизат Асанбайқызы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

    PhD, қауымдастырылған профессордың м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар