ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТТІ АЙМАҚТАРЫН ГИС ЖӘНЕ АНР ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АЙҚЫНДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2541138Кілт сөздер:
жер асты сулары, талдамалық иерархиялық процесс, картографиялау, дренаждың тығыздығы, өңірдің геологиялық картасы, суаруАңдатпа
Бұл зерттеу қашықтықтан зондтау (РС) деректерін, географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) және аналитикалық иерархиялық процесті (AHP) пайдалана отырып, Ұлытау өңіріндегі жер асты суларының әлеуетті аймақтарын анықтау мақсатында жүргізілді. Жер асты сулары климаттық, геоморфологиялық, геологиялық, антропогендік факторлардың күрделі өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. RS әдістерін қолдану Жер бетінің жай-күйі туралы тұрақты және масштабталатын мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. ГАЖ кеңістіктік талдау құралдарымен қамтамасыз етеді, ал AHP әдісі факторлардың маңыздылығын сарапшылық бағалауды қосуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жету үшін алдын ала келесі міндеттер орындалды:
- берілген аймақтың табиғи жағдайларын сипаттайтын кеңістіктік және спутниктік мәліметтерді жинау және алдын ала өңдеу;
- Жер асты суларының ағынының қалыптасуына әсер ететін тақырыптық қабаттарды құру: дренаждық тығыздық картасы; еңіс картасы; жауын-шашын картасы; аймақтың геологиялық картасы; жерді пайдалану/жер жамылғысының (ЖҚБК) картасы; топырақ картасы;
- AHP әдісі арқылы әрбір факторға салмақтар беру;
- Потенциалды аймақтарды анықтау үшін көп критериалды кеңістіктік талдау;
- Картографиялық визуализация және нәтижелерді интерпретациялау.
Зерттелетін аумақтың картасында жер асты суларының болуы мүмкін төрт аймақ бар: төмен, орташа, жақсы және өте жақсы. Нәтижелер Ұлытау аймағының үштен екісінде жер асты суларының «әлеуеті төмен» екенін көрсетті.

