ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Исаева Жанетта Батырханқызы «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС https://orcid.org/0000-0002-4182-3041
  • Омаров Марат Магзиевич «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС
  • Жаппарова Айгүл Абсултанқызы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Құнанбаев Қайрат Қайырбекұлы «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы»

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254192

Кілт сөздер:

жер ресурстары , тұрақты даму, Жамбыл облысы, ұтымды жер пайдалану, топырақтың тозуы, агроэкологиялық бағалау, ауылшаруашылық ландшафттар

Аңдатпа

Бұл зерттеуде үш табиғи белдеудің – дала, құрғақ дала және шөлейт – жағдайындағы тік белдеулік бойынша жайылымдық алқаптардың жағдайы мен оларды ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Жамбыл облысында орналасқан «Батыр» шаруа қожалығының әртүрлі топырақ, ботаникалық және агрохимиялық сипаттамалармен ерекшеленетін алты жайылымдық телімі алынды. Зерттеу аясында геоботаникалық және топырақ-агрохимиялық кешенді зерттеулер жүргізіліп, 14 негізгі өсімдік қауымдастығы анықталды. Топырақтың қасиеттері (қарашірік, азот, фосфор) және жемшөптік өсімдіктердің қоректік құндылығының маусымдық өзгерістері (шикі протеин, талшық) талданды.

Жайылымдарды бейберекет пайдаланудан ғылыми негізделген маусымдық-ротациялық пайдалану жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Мұндай жүйе фитомасса өнімділігінің артуына, жемшөптің химиялық құрамының жақсаруына, өсімдік жамылғысының қалпына келуіне және қойлардың тірі салмағының ұлғаюына ықпал ететіні анықталды. Үш жыл бойы бақылау және тәжірибелік топтар арасында жүргізілген салыстырмалы эксперимент маусымдық ұйымдастырылған жайылым барлық жыныстық-жас топтарда, әсіресе қозыларда (+8,64 кг орташа) салмақ қосуға оң әсер ететінін көрсетті. Алынған деректер негізінде жайылымдық алқаптарды маусымдар бойынша оңтайлы бөлудің, әр телімнің азықтық сыйымдылығын және олар қамтамасыз ете алатын мал басының санын есептеудің схемасы ұсынылды. Көктемгі шамадан тыс жайылым жағдайында тозуды болдырмау шараларына ерекше назар аударылды. Ұсынылған нәтижелер құрғақ аймақтардағы тұрақты жайылымдық мал шаруашылығын ұйымдастыру үшін практикалық маңызға ие.

Автор өмірбаяндары

  • Исаева Жанетта Батырханқызы, «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС

    PhD, «Инженерлік және өнеркәсіптік технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Омаров Марат Магзиевич, «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Инженерлік және өнеркәсіптік технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Жаппарова Айгүл Абсултанқызы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры

  • Құнанбаев Қайрат Қайырбекұлы, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы»

    биология ғылымдарының кандидаты, Топырақ сапасы және өсімдік шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары