ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНЕН БӨЛІНГЕН ТЕРІ МИКОЗДАРЫНЫҢ КЕРАТИНОФИЛЬДІ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SEPT2631091Кілт сөздер:
кератин, кератинофильді саңырауқұлақтар, оппортунистер, микоздар, дерматофиттерАңдатпа
Қазақстан Республикасының жағдайында ауыл шаруашылығы жануарларының тері микоздары, әсіресе әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлары бар өңірлерде маңызды ветеринариялық проблема болып қала береді. Солтүстік және Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер дерматомикоздардың тұрақты таралуын және шартты-патогенді саңырауқұлақтардың айтарлықтай түрлілігін көрсетеді. Сонымен қатар, Оңтүстік, құрғақ аймақтар жеткілікті зерттелмеген. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларындағы тері микоздарының оппортунистік және классикалық қоздырғыштарының құрамын зерделеу болды. Тері микоздарының классикалық және оппортунистік қоздырғыштарын анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларынан (ірі қара, қой, ешкі, жылқы және түйе) 349 биоматериал сынамасы (жүн және тері жаралары) зерттелді. Зерттеу 2024-2025 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде оппортунистік саңырауқұлақтардың 63 изоляты оқшауланды, олардың арасында зең саңырауқұлақтары басым болды (96,82%), ашытқы мен дерматофиттер 1,59% құрады. Бөліп алу барысында ең жоғары жиілікті Aspergillus (A. flavus – 33,33%, A. niger – 14,28%, A. corrugatus – 6,34%), Penicillium (P. commune – 11,11%) және Chaetomiaceae (Ch. fusisporum – 6,34%). Оппортунистік саңырауқұлақтардың жалпы санының 11,7% – ы айқын кератинофильді белсенділікті көрсетті, 36%-ы әлсіз, ал 52,3%-ы кератинді мүлдем ыдыратпады. Қой сынамасынан бөлінген T. Mentagrophytes 8.30МРС штаммының ерекшелігі – қанттар мен ақуыздарды ыдыратудағы жоғары биохимиялық белсенділік болып табылды. T. mentagrophytes, A. niger, P. chrysogenum, M. indicus, A. candidus, A. Corrugatus штаммдары да кератинофильді және кератинолитикалық белсенділікке ие болды, ал шаш перфорациясы тесті кератинофильді изоляттардың 14,3%-ында патогенді қасиеттердің бар екенін растады. Алынған нәтижелер оппортунисттік микромицеттердің кератинофильді және потенциалды патогенді қасиеттері жоғары биоәртүрлілігін көрсетеді, бұл құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылық жануарларының терісінің микоздарының алдын алу мақсатында әрі қарай мониторинг жүргізуді қажет етеді.

