ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ: АЛЮМИНИЙ ӨНДІРІСІ МЫСАЛЫНДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ ИДЕЯЛАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2542213Кілт сөздер:
тұрақты даму мақсаттары, химиялық білім, алюминий өндірісі, жауапты тұтыну, қайта өңдеуАңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында білім беруде тұрақты даму мақсаттарын кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған 2030 күн тәртібі мен «Тұрақты даму үшін білім беру» тұжырымдамалары басшылыққа ала отырып, студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып және жүйелік ойлауын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік зерттеу жүргізілді. Зерттеудің негізі химиялық технология пәнін оқытуда тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастыра оқыту. Зерттеу барысында арнайы оқу моделі әзірленіп, тақырып бойынша тұрақты дамуға негізделген оқыту әдістері қарастырылды. Студенттердің тұрақты даму мақсаттарымен кіріктірілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету үшін арнайы кейстік тапсырмалар ұсынылды және сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері студенттердің басым бөлігі тұрақты даму мақсаттары туралы бастапқы түсінігі бар екенін, алайда химиямен байланысы туралы жеткіліксіз білетіндерін көрсетті. Осыған байланысты оқу үдерісіне жүйелі кіріктірудің қажеттілігі айқындалды. Зерттеу нәтижелері тұрақты даму мақсаттарын жоғары оқу орындарында білім беруде кіріктіру үшін химиялық технология пәні негізінде таңдалған «Алюминий өндірісі» тақырыбы аясында алынды. Бұл тақырыпты тұрақты дамудың жетінші, тоғызыншы, он екінші мақсаттарымен байланыстырып, студенттердің экологиялық ойлау, ғылыми талдау және азаматтық жауапкершілік сияқты болашақ маманға ретінде дамытатын қабілеттерін дамытуға негізделді. Жоғары оқу орындарында пәндік білімді жаһандық мәселелермен ұштастыра оқыту студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, оларды тұрақты қоғам құруға үлес қосатын белсенді тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолының бірі екені айқындалды.

