ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІМЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2012–2023 ЖЖ. ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

  • Селим Хазбиевич Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Елшілігі
  • Анна Борисова Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті. З. Алдамжар

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2532298

Кілт сөздер:

дипломатия, Қазақстан, ғылым, жоғары білім , Екінші дүниежүзілік соғыс

Аңдатпа

Мақалада 2012–2023 жж. Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Елшілігі мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының қорытындылары жасалған. Әсіресе сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақ КСР аумағына жер аударылған поляк азаматтарының жағдайын зерттеудегі қазақстандық ғалымдардың рөліне және генерал Владислав Андерс армиясының құрылу тарихының (Қостанай облысы мысалында) Қазақстан БАҚ-тарында бейнеленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Польша мен Қазақстан арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын одан әрі кеңейту мен тереңдетудің болашағы ашып көрсетіліп, Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерінің бастамалары поляк дипломатиялық өкілдіктері мен қазақстандық жоғары оқу орындарының өзара іс-қимыл тиімділігін айтарлықтай арттырғаны атап өтіледі. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Польша Республикасының Елшілігі және жетекші поляк ғылыми орталықтарымен жасасқан келісімдері мен бірлескен жобаларының маңыздылығы көрсетіледі. Осы негізде ірі халықаралық ғылыми конференциялар мен тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, ұжымдық монографиялар жарық көрді, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың қатысуымен поляк және қазақстандық зерттеушілердің бірлескен ғылыми мақалалары Польша мен Қазақстанда жарияланды. Бұл бастамалар оқу процесінің және ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар екіжақты академиялық байланыстарды нығайтып, гуманитарлық және білім беру салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік іргетасын қалауға ықпал етті.

Автор өмірбаяндары

  • Селим Хазбиевич , Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Елшілігі

    саяси ғылымдар докторы, 2017-2023 жж. Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

  • Анна Борисова, Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті. З. Алдамжар

    гуманитарлық ғылымдар магистрі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-03