МАТЕМАТИКАДАН КОНТЕКСТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • Акперов Нурлан Кадырханович Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Тұяқов Есенкелді Алыбайұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612035

Кілт сөздер:

функционалдық сауаттылық, контекстік есептер, әдістемелік тәсілдер, математика, сыни ойлау, талдамалы қабілеттер, пәнаралық байланыстар

Аңдатпа

Бұл мақалада 6-сынып оқушыларының функционалдық математикалық сауаттылығын контекстік есептер жүйесі арқылы дамыту мәселесі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады, себебі функционалдық сауаттылық білім беру нәтижесінің негізгі көрсеткішіне айналып отыр. Зерттеудің мақсаты – математика сабақтарында контекстік есептерді жүйелі қолдануға негізделген әдістемелік тәсілді әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан тексеру. Зерттеу №165 мамандандырылған лицейдің 6 «А» (эксперименттік топ, 22 оқушы) және 6 «Е» (бақылау тобы, 23 оқушы) сыныптарында жүргізілді. Эксперимент 8 аптаға (24 сабақ) жоспарланып, авторлық бағдарлама оқу үдерісіне кіріктірілді. Бастапқы және қорытынды диагностика арқылы функционалдық сауаттылықтың деңгейі анықталды. Нәтижелерді өңдеуде Пирсонның χ² критерийі қолданылды. Қорытынды диагностика нәтижелері эксперименттік топта жоғары деңгей үлесінің 13,6%-дан 54,5%-ға дейін артқанын және төмен деңгейдің 54,6%-дан 9,1%-ға дейін төмендегенін көрсетті. Бақылау тобымен салыстырғанда айырмашылық статистикалық тұрғыдан мәнді болды (χ²эмп = 8,21; p < 0,05). Зерттеу нәтижелері контекстік есептерді жүйелі қолдану оқушылардың математикалық модельдеу, талдау және шешімді интерпретациялау дағдыларын дамытуға тиімді ықпал ететінін дәлелдейді. Ұсынылған әдістеме жалпы білім беру мектептерінде функционалдық математикалық сауаттылықты арттыру құралы ретінде қолдануға ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • Акперов Нурлан Кадырханович, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторанты, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

  • Тұяқов Есенкелді Алыбайұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар