МАШИНА ЖАСАУ КӘСІПОРНЫНДА ҚҰРАСТЫРУ ЖЕЛІСІН АВТОМАТТАНДЫРУДЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАНУЫ

Авторлар

  • Наурзбаева Камила Болатбекқызы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС «Аллюр»
  • Санду Иван Степанович Federal State Budgetary Scientific Institution “Federal Scientific Center for Agrarian Economics and Social Development of Rural Areas - All-Russian Research Institute of Agricultural Economics”

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2532341

Кілт сөздер:

өндірісті цифрландыру, басқару жүйесі, жинақтау желісі, еңбектің қауіпсіздігі, инновациялық технологиялар, өнеркәсіптік автоматтандыру, өндірістік процесс

Аңдатпа

Қазіргі заманда озық технологиялардың дамуына байланысты кәсіпорындар өндірістің тиім-ділігін арттыру үшін автоматтандыруға ұмтылуда. Автоматтандыру өндірістік процестерді оңтайландырып, адам қатысуын азайту арқылы өнеркәсіптің дамуына ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Қазақстанда машина жасау саласы басым бағыттардың бірі болғанымен, көптеген кәсіпорындар автоматтандырудың жеткіліксіз деңгейіне байланысты өз өндірістік әлеуетін толық жүзеге асыра алмай отыр. Бұл зерттеуде «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-нің құрастыру желісіндегі жүккөтергіш механизмдерді автоматтандыру қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – өндірістің қауіпсіздігін арттыратын, тәуекелдерді азайтатын және өнімділікті жоғарылататын бағдарламаланатын логикалық контроллерге (ПЛК) негізделген басқару жүйесін әзірлеу. Ұсынылған тәсіл тек зерттелген кәсіпорынға ғана емес, сондай-ақ ұқсас өндірістік процестері бар басқа да машина жасау салаларына қолданылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • Наурзбаева Камила Болатбекқызы, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС «Аллюр»

    зауытының жаңа жобаларды іске қосу тобының жетекшісі

  • Санду Иван Степанович, Federal State Budgetary Scientific Institution “Federal Scientific Center for Agrarian Economics and Social Development of Rural Areas - All-Russian Research Institute of Agricultural Economics”

    экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерация-сының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, агроөнеркәсіптік кешеннің ғылыми-техникалық дамуының экономикалық мәселелері бөлімінің меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Экономикалық ғылымдар